A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда 30 шақырым жаңа тротуарлар жөнделеді және салынады
Алматыда 30 шақырым жаңа тротуарлар жөнделеді және салынады

Мегаполисте «қалалар жүргіншілер үшін» қағидасы аясында ұзындығы 30 шақырым болатын жаңа тротуарларды жөндеу мен салу жұмыстары басталды. Қаланың 157 көшесін жөндеу барысында жүргінші жолдары да жаңарады.

Көше-жол жүйелерін жөндеу кезінде бұзылған арық науалары ауыстырылып, керексіз конструкциялар алынып, жасылдандыру атқарылады. Қозғалыстың өткізу қабілетін арттыру мақсатында жиектегі тұрақ қалталары ғана абаттандырылады. Жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшеден кіру бөлігі тарылады. Бұлардан өзге, мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша жүргінші қозғалысын қиындататын құрылыстар бар тротуарлар анықталуда.

Айта кетерлігі, Түрксіб ауданында Стаханов, Париж коммунасы, Шымкент, Буденный көшелері бөлігінде жаңа тротуарлар пайда болды. Әуезов ауданындағы №6 және №8 ықшам елді мекендерде жаңа аулааралық тротуарлар пайдалануға берілді. Бостандық ауданында Дунаевский көшесі бойымен Жароков және Ходжанов көшелерінде де тротуарлар іске қосылды. Осыған ұқсас жұмыстар қаланың барлық аудандарында жүруде.

Еске салсақ, қаланы жаңартудың екінші жылы бойына биылғы жазда бірқатар негізгі даңғылдар жаңарады. Инженерлік инфрақұрылымды модернизациялау кезінде 12 шақырым жылу желісін ауыстыру жоспарланған. Бұлардан өзге, бұрыннан жаңарған 455 аула алаңдарына қосымша тағы да 585 аула жөнделеді.

27.04.2018