A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда Қазақстандағы БҰҰ-ның алғашқы өкілдігі ашылуының 25 жылдығы атап өтілді
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Қазақстандағы БҰҰ-ның алғашқы өкілдігі ашылуының 25 жылдығы атап өтілді
Алматыда Қазақстандағы БҰҰ-ның алғашқы өкілдігі ашылуының 25 жылдығы атап өтілді

Бүгін Алматыда «Қазақстан-БҰҰ: тәжірибе, жетістіктер мен ынтымақтастықтың келешегі» атты жоғары деңгейдегі арнайы кеңес аясында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек пен сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның 25 жылдық қызметіне арналған естелік тақтаны салтанатты түрде ашты.

Өзінің сөзінде Бауыржан Байбек ЭЫДҰ стандарттарына сай қалада «Алматы-2020» бағдарламасының белсенді түрде қолға алынғанын, сонымен қатар батыстық стандарт бойынша ашық, жайлы әрі қолайлы кеңістік қалытастыру барысында жүйелі оң өзгерістердің жүріп жатқанын айтты. Бизнесті жеңіл жүргізу, инвестиция тарту үшін барлық жағдайлар жасалуда. БҰҰ-ның даму Бағдарламасымен бірге «Тұрақты көлік» жобасы ойдағыдай жүзеге асуда.

«Бүгінгі күні Алматыда еліміздің біріккен кәсіпорындарының 40% жұмыс істейді және халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың 60-тан астам офисі ашылған. Ұйымның Қазақстандағы қызметінің 25 жылдығы барысында БҰҰ-ның өңірлік Хабын күзде ашудың жоспарлануы Қазақстанмен серіктестіктің жаңа тарихи жеңісі болатындығы сөзсіз», - деп атап өтті Б.Байбек.

Алматы әкімі Қазақстанда БҰҰ-ның алғашққы Офисі ашылуының 25 жылдығымен құттықтады және қаладағы түрлі шараларды өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Өткен жылы Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ның айтулы оқиғалар Күнтізбесіне енді, сонымен қатар мегаполис осы ұйымның креатиті қалалар Жүйесіне қосылды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымымен тығыз байланыстың арқасында Алматыда 2016 жылы БДҰ-ның Европалық бюросының Офисі ашылды. Алматы Орталық Азиядағы «Салауатты қала» жүйесіне енген алғашқы қала болып табылады. Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған Конференция биылғы жылдың тарихи оқиғасына айналады.

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Біріккен Ұлтттар Ұйымына қосылған кезден бастап Қазақстан оның белсенді мүшесі әрі сенімді серігі болғанын атап өтті.

«БҰҰ ұйымдары мен бағдарламалары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып,бұл дәстүрді жалғастыруда. Сонымен бірге, БҰҰ біздің елімізге бұрынғы Семей ядролық полигонын сауықтыру, Арал теңізін қалпына келтіру секілді маңызды жобалар аясында техникалық және қаржылық көмек көрсетті»,- деді Қ.Әбдірахманов.

Өз кезегінде БҰҰның Орта Азия бойынша Бас хатшысының арнайы өкілі Наталья Герман Қазақстанның адами саладағы маңызды мәселелерді шешуде үлкен күш жұмсап келе жатқанын ерекше атап өтті.

«Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтастықта жоғары деңгейге қол жеткізді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың антитеррорлық коалиция құру бастамасы әлем үшін өте маңызды, өйткені мұнда терроризмге орын жоқ. Қазақстанның қарусыздану және ядролық қаруды таратпау жөніндегі әлемдегі рөлі өте жоғары. Мен бейбітшілікті қалайтын барлық қазақстандықтарға алғыс айтамын», - деді Наталья Герман.

Айтулы шараға БҰҰ-ы жанындағы ҚР алғашқы тұрақты өкілі, бұрынғы ҚР Сыртқы істер министрі Ақмарал Арыстанбекова, ҚР БҰҰ-ның үйлестіруші -резиденті Норимаса Шимомура, БҰҰ-ның өкілдері және басқалары қатысты.

16.02.2018