A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда туристік ақпараттық орталық ашылды

Алматыда туристік ақпараттық орталық ашылды

Бүгін Алматыда «Алматының визит орталығы» атты туристік ақпараттық орталық ресми түрде ашылды. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қалаға келген әрбір шетелдік қонақтың көрікті жерлер, мәдени оқиғалар, мейманханалар туралы бір терезе принципі бойынша толық мәліметті қалай алатындығымен танысты.

Қаланың Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай визит орталықтың Алматы тұрғындары мен қонақтарына мегаолистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес, жол карталары мен тау бағыттарының атластарын, туроператорлар брошюраларын, мәдени- бұқаралық шаралардың анонстарын беретіндігін айтты. Сонымен қатар экскурсияға, сувенир бұйымдарға тапсырыс алатындығы,ең бастысы туристер үшін мобильді байланыс операторының SIM-картасын бейімдеуді жүзеге асыратындығы аталып өтті. Қазіргі кезде барынша танымал локацияларда ақпараттық туристік киоскілер ашу мәселесі қарастырылуда. Басқарма басшысы өзінің сөзінде мұндай орталықты ашу Париж, Лондон, Дубай, Нью-Йорк, Барселона сынды туризм саласы дамыған қалалар тәжірибесінен алынғандығын жеткізді.

«Қазірдің өзінде www.visitalmaty.kz ресми сайты жұмыс істеуде, кейін ол жеті тілді қамтитын болады. Сайтта қаланың танымал көрнекі орындары, ұлттық мәзір дайындайтын мейрамханалары, оқиғалалар тізбегі туралы толық ақпараттар жарияланады.Визит орталықта кеңес беру, сувенир, сөйлесу, түрлі шаралар өткізудің интерактивті аймақтары қамтамасыз етілген. Техникалық тұрғыда ашылғалы бері 109 турист хабарласты», - деді орталық директоры Әсел Нұркебаева.

Ол саяхатшылар үшін төтенше жағдай туындаған кезде түрлі мәселені жедел шешетін шұғыл желі құрылғанын да атап өтті.

Жалпы, «Алматының визит орталығын» болашақта мемлекеттік- жекешелік әріптестіктің катализаторына және Алматы кластерінің туристік девелопментіне айналдыру жоспарланған. Халықаралық нарықта туристік әлеуетті көрсету жобаларын жүзеге асыру, өңірдің рейтингі мен бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасау, туризмді дамыту мүмкіндіктерін іздестіру, осы салада түрлі зерттеудер жүргізу ТАО жұмысының басты бөлігі болады.

18.10.2017