A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда Рысқұлов-Құлжа тракті жолайрығындағы эстакада бойынша көлік қозғалысы ашылды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Рысқұлов-Құлжа тракті жолайрығындағы эстакада бойынша көлік қозғалысы ашылды
Алматыда Рысқұлов-Құлжа тракті жолайрығындағы эстакада бойынша көлік қозғалысы ашылды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тракті қиылысындағы жаңа екі деңгейлі жолайрығы құрылысының барысын тексерді. Бүгін мұнда қаланың батыс бағытына қарай эстакада бойымен жүретін көлік қозғалысы мерзімінен бұрын ашылды. Енді бір айдан соң шығыс бағыттағы қозғалысты іске қосу жоспарланған.

Аталған көлік торабында қозғалыс тым тығыз, өйткені ол орталықты халықаралық әуежаймен және қалаға жақын орналасқан елді мекендермені байланыстырады. Кіші көлік айналымының маңызды бөлігі болып табылатын жолайрығы іске қосылған кезде учаскенің жүргізушілерді өткізу қабілеті орташа 15 пайызға артады.

«Біз көлік инфрақұрылымын дамытудамыз, оның ішінде жүргізушілерге де жақсы жағдай жасаудамыз. Алматыға өзінің соңғы жұмыс сапары кезінде Мемлекет басшысы үкіметке қажетті қаржы бөлуді тапсырған еді. Қазіргі кезде қалада метроның екі бекетінің, екі көлік жолайрығының құрылыстары, Абай даңғылы мен Сайын көшесін үңгілеу жұмыстары жүруде. Биыл Құлжа тракті мен Бұхтырма көшесі бойындағы айналымда эстакада мен тоннелі бар тағы бір жолайрығының құрылысы басталады. Бұл қалалықтардың мобилділігін күшейтеді, бизнес-кедергілерді азайтады, осы бағыттағы көлік кептелісін төмендетеді және қаланың экологиялық жүктемесін жақсартады», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, іске қосылған екі деңгейлі жолайрығы қауіпсіздік пен сеймикалықтың жоғары стандарттарына сай. Құрылыс барысында алматылық өндірушілер шығарған 100 мың текше метрден астам бетон мен металлоконструкциялар пайдаланылды. 400 жұмыс орны құрылды, бюджетке салық түрінде 4 млрд. теңгеден астам қаржы қайтарылды.

Қазіргі кезде инженерлік желілерді көшіру, 50 мың шаршы метрді жасылдандыру жалғасуда. 700-ден астам ағаштар мен 615 бұтақтар отырғызылады.

05.06.2019