A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда №127 бағыттағы автобустар жаңарды
Алматыда №127 бағыттағы автобустар жаңарды

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін Евро-5 экологиялық сыныптағы жаңа автобустар №127 бағыт бойынша жолға шықты.

Бұрын жеке тасымалдаушы қызмет көрсеткен осы бағыттағы автобустар ескі болғандықтан жолаушылар тарапынан көп сынға ұшырайтын.

Бүгіннен бастап «Қазахфильм» және Қонаев көшесі, Райымбек даңғылы бойынша күн сайын 12 автобус қатынайды, интервалы алты минут. Төмен еденді 9,5 метрлі автобустар кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен, пандустармен және басқаларымен жабдықталған. Болжам бойынша жаңарған жылжымалы соства барысында бұл бағытта жолаушы легі жетіден 9,5 мың адамға дейін артады деп күтілуде.

Бұрындары №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №201 магистральды бағыт және №1 бағыт ашылған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған еді.

Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған болатын, олардың 230-ы бағыттар бойынша жолда жүр, 160 жаңа автобус ақпан айының соңына дейін кезеңмен бағыттарға шығады. Жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды, олардың 91-і қала жолдарында қызмет көрсетуде.

18.01.2018