A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда тағы екі бағыттың автобустары жаңарды
Алматыда тағы екі бағыттың автобустары жаңарды

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, бүгін жаңа автобустар №131 және №115 бағыттары бойынша жолға шықты

Мысалы, №115 бағыты бойынша Евро-5 экологиялық сыныбындағы 16 автобус қызмет көрсетуді бастады.Бұлар - 9,5 метрлі автобустар, олар кондиционерлермен, видебақылау камераларымен, пандустармен және басқаларымен жабдықталған. Қалалықтардың көптеген өтініштері бойынша бағыттар трассировкаларына өзгерістер енгізілді. Бұдан былай «Өжет» базары бекетінен шыққан көліктер Алатау ауданының «Теректі» ықшам ауданына дейін барады.

Медеу ауданындағы «Рахат» кондитер фабрикасы мен Қоңыр көшесінің арасын қамтитын №131 бағытында тар жолдарда жүруге ыңғайлы сыйымдылығы шағын автобустар жүре бастады. Бұл бағытқа 10 жылжымалы состав бірлігі бөлінген, қозғалыс интервалы 5 минут.

Бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №1 бағыт пен №201 магистральды бағыты ашылған еді.Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.

Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда биылғы жылы сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынды, олардың 260-ы бағыттар бойынша жолда жүр, тағы да 130 жаңа автобус ақпан айының соңына дейін кезеңмен бағыттарға шығады. Өз кезектерінде жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды,олардың 91 – і қала жолдарында қызмет көрсетуде.

23.01.2018