A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Баум бағын абаттандыру басталды
Алматыда Баум бағын абаттандыру басталды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың коммуналдық мешігіне қайтарылған Баум бағын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Табиғи ескерткіштің аумағы 139,5 га, мұнда 100 мыңнан астам жасыл желек бар.

Парк аумағының периметрі бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойына жұмыс істейтін төрт полиция нүктесі қойылған. Полиция нүктелері қала мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің жеке қаржысы есебінен жұмыс істеуде. Бақ айналасын жас патрульшілдердің бақылауы қарастырылуда. Эко стильдегі навигациялық тақташалар ілініп, бұрын жығылған ағаштардан жасалған 20 оырндық қойылған.

Жүргізілген мониторинг кезінде бақтың 2,5 га жерін жеке адамдардың және көлік тұрағын жасау үшін автосалон иелерінің өз беттерімен басып алғандары анықталды. Мегаполис басшыс заңға сәйкес бақтың басып алынған жерлерін қайтаруды және жасылдандыруды тапсырды.

«Қалалықтардың демалуы үшін капитал шығынысыз және экологияға барынша аз әсер етіп, жайлы жағдай жасау қажет. Ғалымдарды тарта отырып, жасыл желекті қорғау және ұлғайту қажет, топырақтың және климаттың ерекшелігі ескеріліп, ағаштар сапалы күтілуі тиіс. Аллеяны жарықтандыру үшін жаңарған энергия көздерін пайдаланған жөн, өйткені табиғи аймақ ерекше қорғалады және мұнда инженерлік желілерді жүргізуге болмайды», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Баум бағында қайың алаеясын жасау, терек, тал ағаштарын отырғызу жоспарланған. Шілде айында ағаштардың иммунитетін жақсартатын және оны зиянкестерден қорғайтын заманауи препараттар сатып алынып, биологиялық өңдеу жұмыстары атқарылады. Табиғи аймақта флора мен фаунаны кеңейту міндеті қойылған.
Бұлардан өзге, бақ айналасы санитарлық тазалықтан өтуде. Тек соңғы сенбілік кезінде осы жерден 43 самосвал қоқыс шығарылды. Бақ аумағында итті серуендететін алаң мен балалардың ағаш қалашығы пайда болады. Бақтың сыртқы жағын жарықтандыру жүйесі жаңарады, Үлкен Алматы каналы аумағында балалар алаңы жасалады.
Айта кетерлігі, Алматыда биылғы жазда 157 көше жөнделеді, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.

25.06.2018