A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда жеке тасымалдаушы тағы бір бағыттағы автобустарды жаңартты
Алматыда жеке тасымалдаушы тағы бір бағыттағы автобустарды жаңартты

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, «Авто Алма Транс» ЖШС Евро-5 экологиялық сыныптағы жаңа автобустардың тағы бір партиясын алды.

Компания Yutong маркалы 20 автобус сатып алды, олардың сыйымдылы 70 адамға дейін, №95 бағыты бойынша жолға шығып, «Алтын Орда» базары мен «Көк-Төбенің» арасында жүреді. Келесі бағытты автопарк быилғы жылдың мамыр айында жаңартуда жоспарлаған.

«Қалада жолаушыларды тасымалдау саласында ашықтық жүйесі қалыптасты, соның арқасында саланы дамытуға инвестицияны батыл түрде салудамыз. Оның үстіне, автопаркті жаңарту және сапалы қызмет көрсетудің барлық талаптарын сақтау барысында әкімдік субсидия түрінде бізге қолдау көрсетуде», - деп атап өтті компанияның қаржы директоры Асылбек Мұхамбетәлиев.

Ол өткен жылдың қараша айында автобустары жаңарған №65 бағытта жолаушылар легінің бір жарым есе артқанын, ал бұл көпшіліктің сапалы қызмет көрсететін әрі жайлы қоғамдық көлікті пайдаланатынын атап өтті.

Еске салсақ, Алматыда №12, 22, 50, 65, 69, 70, 86, 103, 112, 115, 124, 126, 127, 131 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №1 бағыт пен №201 магистральды бағыты ашылған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.

Жалпы, көлікті реформалау аясында мегаполисте биылғы жылы сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынды, олардың 290-ы бағыттар бойынша жолда жүр, тағы да 100 жаңа автобус ақпан айының соңына дейін кезеңмен бағыттарға шығады. Өз кезектерінде жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды, олардың 111 – і қала жолдарында қызмет көрсетуде.

01.02.2018