A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 1 2 3
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда 200-ден астам балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Президенттік Жаңа жыл шыршасына қатысты
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда 200-ден астам балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Президенттік Жаңа жыл шыршасына қатысты
Алматыда 200-ден астам балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Президенттік Жаңа жыл шыршасына қатысты

Алматыдағы Қабылдау үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық шырша өтті, оған балалар үйлерінің 200-ден астам тәрбиеленушілері, ерекше қамқорлықты қажет ететін балдырғандар, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары қатысты. Мемлекет басшысы өзінің видеоүндеуінде кішкентай алматылықтарды алғашқы болып құттықтады.

«Бүгінгі Жаңа жылдық шырша айналасына біздің үлкен әрі тату еліміздің балалары жиналды. Өтіп бара жатқан жылда сендердің барлығың білім алдыңдар, спорттық жарыстарда жетістіктерге жеттіңдер, түрлі конкурстарда жеңімпаз атандыңдар. Сендердің әрқайсыларың бұдан да биік шыңдарға құлаш сермедіңдер. Бұл асыл қасиет сендердің ғана емес, барша Қазақстанның күш-қуатын арттырады. Қымбатты балалар, Жаңа жылда да сендердің барлық ниет-тілектерің мен армандарың орындалсын», - деп атап өтті өзінің құттықтауында Нұрсултан Назарбаев.

Мемлекет басшысының атынан балаларға сыйлықтар салынған арнайы сөмкелер берілді, оның ішінде қысқы киімдер, кеңсе тауарларының жиынтығы, планшеттер, ойыншықтар мен тәттілер бар.

Мерекелік шараға ертегілер кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақша қар, «Ісмер» ансамбльі, «KeshYou» тобы, цирк артистері, Мұтұрғанов Мұраттың шоуы мен X-Фактор жобасының финалистері және басқалары қатысты.

24.12.2018