A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл болып аталды
Алматыда Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл болып аталды

Бүгін VI-ші шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының сессиясы барысында мегаполис тұрғындарының көптеген ұсыныстарын ескере келіп және қалалық ономастика комиссиясының,ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының келісімімен Алматының басты көшелерінің біріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін беру туралы шешім қабылданды.

Сессия барысында Алматы әкімі ономастикалық комиссияға қайталанатын 112 көшенің атауларын өзгерту туралы зиялы қауым өкілдерінен, ҮЕҰ-дан, қала тұрғындары мен әсіресе жастардан мегаполистің басты көшелерінің бірі Фурманов көшесіне Елбасы есімін беру жөнінде көптеген ұсыныстар түскенін атап өтті.

«Біз биыл Астананың 20 жылдығын мерекелейміз. Егер еске алатын болсақ, тарихтың өзі астананы көшіру туралы Елбасы шешімінің барынша көрегенді әрі дұрыс екенін дәлелдеді. Соның арқасында Еуразия орталығында жаңа заманауи қала пайда болды әрі еліміздің іскерлік орталығы ретінде Алматы жаңа серпінмен дами бастады. Тарихи маңызы зор шешім мен Президенттің экономикалық реформалары өзара ұштасып, жеке бастамаларды ынталандырды, кәсіпкерлік рухты дамытты. Бүгінгі күні Алматы – өңірлік тартылыс күші, Орталық Азияның ірі мегаполисі», - деді Бауыржан Байбек.

Ол Елбасының тұрақты қолдауы арқасында жүргізілген жүйелі реформалар барысында қала экономикасының 100 есе өскенін, шағын және орта бизнес қатарының 130 есе көбейгенін айтты. Егер сонау 90-шы жылдары Алматы ІЖӨ оннан бір бөлігін ғана берсе,бүгінгі таңда мегаполис экономиканың бестен бір бөлігін қамтамасыз етуде, жалпы еліміздің мұнайдан түсетін салығының төрттен бірін беруде, мұнда шағын және орта бизнестің барлық өнімінің төрттен бірі шығарылуда.

«Дәо осы қалада Елбасының бастамасымен Конституцияны қабылдау, ұлттық валютаны енгізу, Қарулы Күштерді құру, мемлекеттік рәміздерді бекіту, Семей полигонын жабу сиқяты тарихи істер жүзеге асты. Сондықтан Алматыда мұндай шешімнің қабылдануы өте орынды», - деді мегаполис әкімі.

Айта кетерлігі,осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың есімі Иорданияның Амман қаласындағы және Шешен Республикасының Грозный қаласындағы көшелердің біріне берілген болатын. Бұлардан өзге, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімімен Түркияның бірнеше қалаларының көшелері аталады, Татарстан астанасы Қазаннның магистральды көшесіне Елбасы есімі берілген.

Қала мәслихатының депутаты, «Ахыска» түрік ұлттық орталығының президенті Зиятдин Касановтың пікірінше, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өміршең бастамалары арқасында Қазақстан халықаралық қоғамдастыққа танымал болды.

«Президенттің жеке беделі арқасында Қазақстан мемлекетаралық дағдарыстарды шешуде маңызды серіктес болуда. Оның үстіне, Нұрсұлтан Әбішұлы атом қаруынан өз еркімен бас тартып, Семей полигонында сынақ жасауды мүлдем тоқтатып, өзін әлемде ядролық қаруды таратпау және жою жөнінде барынша белсенді саясаткер ретінде көрсетті. Мен әріптестерімнің ұсынысын толық қолдаймын және Фурманов көшесінің атауын өзгертуді дұрыс әрі заманауи шешім деп есептеймін», - деді ол.

Өз кезегінде мәслихат депутаты, «Алматы Ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай бұл тарихи шешімді қала тұрғындарының ұзақ күткенін айтты.

«Біз қасиетті жеріміз үшін қан төккен ата- бабаларымызды қадір тұтамыз, ал заманауи өмірде Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрескен, мемлкетіміздің негізін қалаған, әлемдік аренаға Отанымыздың атын шығарған, әрине, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы. Біздің міндетіміз оның қайраткерлігін ұлықтау, бұл - тек қана менің пікірім емес, газет редакциясына күн сайын келіп түсіп жатқан көптеген қалалықтардың ізгі ниеті. Бұл біздің тәуелсіздікке, мемлекетімізге, ұрпағымызға деген құрметіміз», - деді Қали С.

Қала мәслихатының депутаты, «Ильдаш» татар гуманитарлық орталығының төрайымы Нурия Ниязова қазақстанның басты жетістігі тұрақтылық, келісім, бейбітшілік пен достық екенін атап өтті.

«Осынау өмірлік жетістіктерге біздің Мемлекет басшысының салиқалы ішкі және сыртқы саясаты арқасында қол жеткіздік. Бейбітшілік, келісім, бірлік арқасында еліміз дамыды, халықтың тұрмысы жақсарды бұл туралы Президент үнемі айтып келеді. Біздің қаламыз этникааралық келісім бойынша Елбасы моделінің жарқын үлгісі. Татумыз, бірге тұрып, бірге жұмыс істейміз. Соның арқасында қаламыз тартымды болып, түрлі ұлт өкілдері мен әртүрлі діни сенімдегі жандар қаламызға келуде, білім алуда, еңбек етуде. Олар өздерін барынша жайлы сезініп, болашақтарына батыл қадам жасауда. Сондықтан көше атауын өзгертуді дұрыс шешім деп есептеймін», - деді Н.Ниязова.

Осылайша, Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының бірауыздан қабылданған шешімімен Фурманов көшесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы даңғыл деп аталды.

Еске салсақ, Алматыда бұрындары бірін- бірі қайталайтын 100 көшелер атауы өзгерген болатын. Қалаға қосылған елді мекендерді есептегенде мегаполисте Абай атында - 12. М. Әуезов атында -3, Ж. Жабаев атында -13, Құрманғазы атында -6, Төле би атында - 5, Қазыбек би атында- 3, Әйтеке би атында -3, Райымбек батыр атында -8, Наурызбай батыр атында – 4, Қарасай батыр атында – 8, Байтұрсынов атында – 4, С. Сейфуллин атында- 5, Ә. Молдағұлова атында – 6, М. Мәметова атында 6 көше аталған екен.

Алматыда 42 көше еліміздің дамуына үлес қосқан қайраткерлер есімін иеленсе, қалғандары географиялық атауға, қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, дәстүріне орай аталған екен.

Мысалы, Ш.Айтматов, Г.Бельгер, Т.Бигелдинов, Қ.Кенжетаев, С.Калмыков, Қ.Мырзалиев, Алматы апортының «әкесі» атанған Е.Редько және басқалардың есмідерін алған көшелер пайда болады.

Қалалықтарға еш жайсыздық тумайды. Мемлекеттік органдар базада көше атауы өзгерткен соң қажетті барлық анықтамаларды ЭЦП-ты пайдаланып электронды үкімет пор алынын немесе ХҚКО-нан бірнеше минут ішінде алуға болады.

30.11.2017