A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Мыңдаған алматылықтар Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Алматыда Жеңіс күні қала тұрғындары мен қонақтары Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою және Ұлы Отан соғысында құрбан болғандарды еске алу үшін 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағына келді.

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек орасан адмдардыңқұрбандығы арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткенін атап өтті. Тұрғындары 6 миллионнан асатын Қазақстан қан майданға өз азаматтарының 20%-ын аттандырды, солардың әрбір екіншісі сұрапыл соғыста қаза тапты.

«Соғыстың барлық майдандарында қазақстандықтар жаумен аянбай шайқасты. Бауыржан Момышұлының, Талғат Бигелдиновтың, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Маметованың, Сергей Луганскийдің, Леонид Беданың, Нүркен Әбдіровтың және мыңдаған басқа да қазақтандықтардың есімі ұлы ерліктер тарихына алтын әріптермен жазылды. Біздің басты борышымыз – Тәуелсіз Қазақстанда бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, өскелеңұрпақтың ашық аспан астында өмір сүруін қамтамасыз ету», - деді Алматы әкімі.

Ол өзінің сөзінде тылда да қазақстандықтардың жанқиярлық ерлік көрсеткенін, әйелдердің, қарттардың, балалардың жеңіс үшін аянбай еңбек еткенін айтты. Соғыс жылдары барлықөндіріс орындары қан майданға қажет заттар шығарумен болды. Он оқтың тоғызы қазақстандыққорғасыннан құйылды.Республикада жалпыодақтық мыстың 35%-ы, қорғасынның 83%-ы, молибденнің 60% -ы шығарылды.

Бауыржан Байбек өзінің сөзінде майданға аттанған 1 млн. 200 мыңқазақстандықтың 160 мыңнан астамы алматылық екендігін айтты. Ол жастардың ерліктері ғасырларға жалғасқан ардагерлерді үнемі құрмет тұтуы тиіс екендігін сөз етті. Қазақстан мен біздің туған өлкеміздіңқан майдандағы Жеңіске қосқан үлесі жастардың жадында болуы тиіс.

«Елбасының сындарлы саясаты арқасында біздің еліміз бірлік пен тұрақтылықты, келісімді ту етіп, бейбіт аспан астында өмір сүруде. Діні мен тілі, ұлты бөлек әрбір қазақстандық ертеңгі болашағына үлкен сеніммен қарауда, тамырларын тереңге жайып, ұрпақөсіруде. Мемлекет басшысы айтып өткендей, Қазақстан туралы сөз бола қалса, біздіңқазақстандықтарға құрмет көрсетіледі. Өйткені, біздіңұранымыз- бейбітшілік. Жастар соғыс ардагерлерінің, батыр қазақстандықтардың, солардың ішінде алматылықтардың мәңгілік ерліктерін үнемі есте сақтаулары тиіс. Бұл біздің тарихымыздың бір бөлігі.Патриотизм рухы бәрімізді біріктіріп, ұлы Ұлтымызды мықты етеді», -деп атап өтті Б.Байбек.

Салтанатты шара барысында жиналғандар құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, артынан құрметті қарауылдың шеруі өтіп, мерекелік концерт болды. Роза Рымбаева, Тағат Күзембаев, «ILCanto» квартеті, «Арт-классик тобы, Береке Еңкебаева, Алексей Тимофеев және басқалары «Поклонимся великим тем годам», «Священная война», «Жас қазақ», «Әлия», «Тальяночка», «Сағадат», «Смуглянка» сынды композицияларды орындады.

Салтанатты митингтен соңқала көшелерінде «Қаһарман ұлт» шеруі басталды. ҰОС-на қатысушылардың суреттерінен өзге, әскериқызметшілер жинаған 164 фотосуреттің ішінен ҰОС батырларының 10 фотомозаигі шеруге қатысушылар қолында болды.

Астана алаңында сағат 20:00 ден 22:00-ге дейін «Тағзым!» атты концерт болып, онда «Сағадат», «Темная ночь», «На безымянной высоте», «Кестелі орамал», «Соғыстан қайтқан солдаттар» және басқада әскери әндер орындалады. Салтанатты шара салютпен аяқталады.

Атап өтерлік жайт, Жеңіс күніне орай қалада түрлі акциялар өтуде. Мысалы, мектеп оқушылары «Ескерткіш вахтасы» аясында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ескерткіштері жанында құрметті қарауылда тұруда. Барлық мектептерде «Ерлік сабақтары» өтті. 28 гвардияшыл-панфиловшылар және Тұңғыш Президент саябақтарында, Арбатта түрі шаралар ұйымдастырылды. Оған Ә.Қастеев атындағы қолданбалы өнер және техникалық дизайн мектебінің 302 оқушы- суретшісі қатысты.Жұбанов атындағы музыка мектебі мен Чайковский атындағы коледж оқушылары да өз үлестерін қосты. Ал, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрының артистері Бауыржан Момышұлының, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Маметованың, Иван Панфиловтың, Талғат Бигельдиновтің, Рахымжан Қошқарбаевтың, Мәлік Ғабдуллиннің, Сергей Луганскийдің тірі бейнелерін сомдады. Даңқ Мемориалы алдындағы алаңда алғыс қабырғалары мен «Біз - батырлардыңұрпағы», «#Біз_жеңіс ұрпағымыз!» атты қондырғылар орнатылды.

 

 

09.05.2017