A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

«Атакент» ҚІЫО-ның аумағы қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды
«Атакент» ҚІЫО-ның аумағы қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес және Жер комиссиясының қорытындысы негізінде «Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық орталығы «Атакент» арасындағы 23 гектар жер учаскесін уақытша жалға алу жөніндегі келісім күшін жойды.

Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық орталығы «Атакенттегі» жер учаскесі 54,1 гектарды құрайды. Оның 31 гектары жеке меншікте, ал 17 гектарында түрлі сауда, мейманхана және спорт кешендері орналасқан.

Қазіргі кезде Алматы әкімдігі барлық құқықтық құжаттарды тексеруде. Игерілмеген 14 гектар жерге шектеу қойылған.

Дегенмен,мақсатты негізде салынған көрме павильондары немесе өзге де нысандарды сүру жоспарда жоқ.

Еске салсақ, атқарушы компанияның Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық орталығы «Атакенттің» айналасын дамыту туралы өздеріне алған міндеттемелерін орындамауы салдарынан Алматы әкімі Бауыржан Байбек жалға беру келісімін тоқтату және қоғамдық кеңістік жерін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару туралы мәселені әзірлеуді тапсырды.

03.05.2018