2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыдағы «Веломаусымның ашылуы-2016» 3 мыңнан астам адам қатысты

VIII- маусымның алғашқы веложарысына Алматы әкімі Бауыржан Байбек, қалалық мәслихат депутаттары, танымал спортшылар, Отандық шоу-бизнес жұлдыздары, ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары, қазақстандық велоодақтың мүшелері қатысты. Жалпы, веломаусымның ашылуына 3 мыңнан астам адам қатысты.

Бұқаралық спорттық шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналған. 9 шақырымға созылған веложарыс әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысынан басталып, ҚР Тұңғыш Президенті саябағында мәреге жетті.

Қала басшысы барлық қатысушыларды веломаусымның басталуымен құттықтап, велоспорт мәдениетінің дамып келе жатқанын атап өтті.

«Биыл бізді 6 веложарыс күтіп тұр. Оның ішінде алғаш рет Отан қорғаушылар күніне орай түнгі веложарыс өткізілетін болады. Менің ойымша, біздің қаламызда бұқаралық спорттың дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Велосипед болса, ең демократиялық та әдемі спорт түрі. Бүгінде әлемде 400 миллион көлік болатын болса, велосипед одан 3,5 есе көп екен. Біздің қалада да осындай сәйкестік болады деп үміттенемін. Өйткені Алматы экологиялық таза, әдемі, спорттық, ыңғайлы әрі заманауи қала болуы керек. Ал, бүгінгі веложарыс осыған үлкен үлес қосты деп ойлаймын», -деді Б.Байбек.

Мәреде қатысушыларды «Ең үздік вело жабдық», «Ең жас қатысушы», «Ең үздік спорттық отбасы» және «Спорттық дәстүрге берік» аталымдары бойынша сыйлықтар мен жүлделер күтіп тұрды.

Бұқаралық спорттық шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

10.04.2016