A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Жыл басынан бері қарай Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты өсіп келеді
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Жыл басынан бері қарай Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты өсіп келеді

Бүгін Алматы әкімдігінде мегаполистің 2015 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылды.

Қаңтар-наурыз айларында бірде-бір сала көрсеткіші төмендеген емес. Осы кезең ішінде сауда мен көлік қызметі, құрылыс, байланыс және басқа да салалар айтарлықтай өсті. Өнеркәсіп саласында жалпы сомасы 157,1 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға көп. Өңдеу өндірісінде өнім шығару 9,3% артты.

Инвестиция тартуда, ШОБ секторын несиелеуде оң тренд байқалады.

«Қала әкімдігі Даму қорымен меморандум жасаған болатын, соның арқасында алматылық бизнес қосымша несие ресурстарына қол жеткізе алады. Бүгінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың өзіміздегі барлық көздерін пайдалану өте маңызды», - деп атап өтті әкім.

Тұрғын үй құрылысында да алға жылжушылық байқалады. Мысалы, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 479,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1% көп. Құрылыстың негізгі үлес салмағы (78,4%) жеке меншік компанияларға тиесілі. Жыл аяғына дейін құрылыс саласының қарқынына «Нұрлы жол» бағдарламасы оң ықпал етпек, өйткені осы бағдарлама аясында 2015 жылы тұрғын үй құрылысына 10 млрд. теңге бөлінетін болады.

Бүгін әкім берген тапсырмалардың арасындағы маңыздылары - әлеуметтік мәні бар тауарлар бағасына мониторинг жүргізуді одан әрі жалғастыру, жыл аяғына дейін инфляция деңгейін 8% дәлізінде ұстау, жұмыс орындарын құру резервтерін іздестіру, «жасыл» көліктің үлесін артыру саясатын жалғастыру

«Мемлекет басшысы өткен аптаның аяғында жасаған жұмыс сапарының барысында Алматының дамуына жақсы бағасын берді. Бұл біз үшін қолжеткенге масайрау емес, бұрынғыдан да барынша тиімді жұмыс істеуге негіз болуы тиіс», - деп қорытындылады сөзін Ахметжан Есімов.

Ақпараттық анықтама:

2015 жылдың 3 айында негізгі капиталға бөлінген инвестиция көлемі 82,9 млрд.теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,9% артты

Екінші деңгейлі банктер экономикаға жалпы сомасы 842 млрд. теңге несие бөлді, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,3% көп.

Шағын бизнесті несиелеу 2,7 есе өсті

Депозиттер көлемі 5,7 % өсіп, 2,8 трлн. теңгеге жетті

Жүк айналымы 6,1 %, жолаушы айналымы 2,5% артты

Байланыс қызметінен түскен табыс 5,9% өсіп, 94 млрд. теңгені құрады

Көтерме тауар айналымының көлемі 5% өсті

Мемлекеттік және салалық бағдарламалар және еңбекке тартуға қолдау көрсету шаралары есебінен жыл басынан бері қарай 4852 жұмыс орны құрылды

20.04.2015