A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Қазақстан құрамасы Атлеттер ауылына жайғасты

Қазақстан құрамасы Атлеттер ауылына жайғасты

Бүгін Алматыда Атлеттер ауылының жаңа корпустарына алғашқы қатысушылар жайғасты. Таңертеңнен бастап «Алматы Арена» жанында орналасқан Атлеттер ауылына журналистер де жинала бастады. Оларды ұйымдастыру комитетінің өкілдері, арнайы қызмет жұмысшылары және еріктілер қарсы алды. Сондай-ақ, әкімшілік корпустың фойесінде Қазақстан құрамасының спортшыларын қазақтың дәстүрі бойына шашумен салтанатты түрде қарсы алды. Қазақстан спортының ақсақалы, дәстүрлі күрес бойынша Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров еліміздің намысын қорғайтын спортшы студенттерге бата берді. «Біздің жеріміз және Қазақстан халқы тек ең жақсы сөздерге ғана лайық, – деді Жақсылық Үшкемпіров. – Қазақстандықтар мен елбасымыздың салған еңбегі арқасында сендерге және келешек ұрпаққа арнап ең керемет спорт ғимараттары көтерілді. Барлықтарыңа бүкіл әлемге танымал спортшыға айналып, кезінде мен және менің жолдастарым жете алған биіктерге көтерілуді, яғни Олимпиада тұғырына шығып, өздеріңнің және өз елдеріңнің даңқын көтеруді тілеймін».

Осыдан кейін спортшылар мен журналистер жайғасу және қарап шығу үшін тұрғын корпустардың біріне шақырылды. Еріктілер бөлмелерді таныстырып, сейфтерді қалай қолдану қажет, вай-фай роутерді қалай қосу қажет екенін және тағы да басқа күнделікті тұрмыстағы заттарды қалай қолдану керек екендігін түсіндіріп берді. Атлеттер ауылының мэрі, бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өз сөзінде ауыл ықшамды түрде салынғаны арқасында бұл қызметтердің барлығына тығыз әрі жылдам жұмыс жасауға мүмкіндік беретініне ерекше тоқталып өтті. Атлеттер ауылындағы қызметтер Универсиада қатысушыларының тек жақсы әсерде қалуы және де олардың жайлы жайғасуы үшін бүкіл күшін салатын болады. «Әрине, әрбір қонақ оған жақсы жағдай ұсынылады деп күтеді. Атлеттер ауылының тұрғындарын оларға қажетті бүкіл жағдаймен қамтамасыз ету – бұл біздің міндетіміз. Фитнесс-орталық, футбол алаңы, кәдесыйлар дүкені, кітапхана, осының бәрі спортшыларға жақсылап тынығып, Универсиада кезінде өз елдерінің намысын лайықты деңгейде қорғауы үшін ұсынылып отыр», – деп атап өтті Атлеттер аулының мэрі.

Фристайлшылар жарысына қатысушы, шаңғы акробатикасында ойын көрсететін Жібек Арапбаева: «Бөлмеміз жайлы әрі ыңғайлы. Жарыс кезінде толыққанды тынығу үшін қажет нәрселердің бәрі бар. Осында өзімізді өз үйіміздей сезініп, осының арқасында жақсы ойын көрсетуге зор мүмкіндік аламыз деп үміттенемін».

Конькимен жүгіру спорты бойынша Нагано-98 қола жүлдегері Людмила Прокашева: «Жазғы спорт түрлері жөнінде білмеймін, бірақ қысқы спорт жарыстарында қатысушыларға арнап осындай бірегей ғимараттың салынғанын көрген емеспін». Атлеттер ауылының тағы бір ерекшелігіне биатлоннан Ванкувер-2010 күміс жүлдегері Елена Хрусталёва келесідей бағасын берді: «Мен осы кешенді оның құрылысы енді басталғанда көргенім бар. Бүгін мен оны көріп үлкен әсерде тұрмын. Біз жарыстар кезінде қарсылас болғанымызға қарамастан, осында достасып, пәтер түрінде салынған бөлмелерде өз үйіміздегідей ынтымақтаса өмір сүруге мүмкіндік алып отырмыз, бұл аса маңызды деп ойлаймын. Жарыстар кезінде қонақ үйлерде тұру өз алдына бір бөлек; уақытша болса да, өз үйіңнің болғаны өз алдына бір бөлек нәрсе. Осы Универсиада қазақстандықтардың болашақ жеңістерге жетіп, балалар спортының дамуына күшті серпін беретініне сенімдімін».

Ертеңнен бастап Атлеттер ауылына басқа елдерден қонақтар келе бастайды.




23.01.2017