A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары мамырда басталып, тамыз айында аяқталады
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары мамырда басталып, тамыз айында аяқталады
Алматыда жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары мамырда басталып, тамыз айында аяқталады

Алматыда биыл жазда 12 шақырымнан астам жылу жүйелері қайта жасалады. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүруде, ал 10 мамырдан қаланың жеті көшесінде көлік қозғалысын сегменттік шектеу басталады. Алдағы уақытта инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарына орай өткен кеңейтілген жиында Алматы әкімі Бауыржан Байбек жайсыздықты барынша азайту үшін уақытша сызбалар арқылы қала тұрғындарын жылы сумен тұрақты қамтамасыз етуді тапсырды.

Биылғы жылы жылу жүйелерін модернизациялау жұмыстары Бөгенбай батыр, (Мұқанов/Әйтиев), Жамбыл (Пушкин/Назарбаев), Қазыбек би (Уәлиханов/Абдуллиндер), Қарасай батыр (Наурызбай батыр/Чайковский), Төле би (Варламов/Өтеген батыр/Отар), Чайковский (Қарасай батыр/Төле би) және Шагабутдинов (Құрманғазы/Орталық стадион) көшелерінде жүреді.

Алматы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев өзінің сөзінде қазіргі кезде әр участок бойынша нақтылы кесте жасалғанын, техника мен жұмысшыларының санының анықталғандығын айтты. Қайта жасалатын барлық объектілерде мердігерлік ұйым туралы ақпарат бар паспорт, тиісті жол беліглері болады және жүргіншілер үшін қоршаулар қойылады.

Ол көптеген нысандарда реконструкциялауды шілде айының соңында аяқтаудың жоспарланғанын, ал кейбір күрделі және ұзын учаскелерде жұмыстың тамыз айында бітетінін айтты. Жұмыс барысында жақын орналасқан аймақ міндетті түрде абаттандырылады.

Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы бұрын жөнделген учаскелердің жол жиектеріндегі топырақтың шөгуін зерттеуді бастады, олар кепілді міндеттеме ретінде мердігер арқылы қалпына келтіріледі.

Айта кетерлігі, Алматыда 2018 жылы 157 көшені жөндеу жоспарланған.Алматы реконструкциясы аясында қаланың бірқатар маңызды даңғылдары жаңарады, соның ішінде Абай, Аблай хан, Назарбаев даңығлдары және басқалары бар. Бұрын жөнделген 455 аула алаңдарына қоса биыл қаланың барлық аудандарында тағы 585 аула жаңарады.




24.04.2018