A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Қош бол,Алматы! Сәлем, Красноярск!


Алматыдағы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ресми түрде жабылды.

Алматыда 8 ақпанда Бүкіләлемдік қысқы студенттер ойыны -2017 –нің жабылу салтанаты өтті.Дәстүрге сай әсерлі шоу өткізіліп жарыс қорытындыланды.Салтанатты шараны «Ұлытау» тобы мен танымал скрипкашы Жәмилә Серкебаеваның сүиемелдеуімен актриса Ардақ Балажанова ашты. Оларға дүйім жұртты таңқалдырған 150 барабаншы жәрдемдесті.

Әрі қарай Универсиадаға қатысушы командалар шеруі өтті.Ашылу салтанатында  барлық елдің спортшылары кез келген жарыста бастысы бәсеке емес бірлік екендігін көрсетіп бірге шықты.

Салтанаттың ресми бөлімі Қазақстан Республикасының ӘнұранынАбай атындағы мемлекеттік опера  және балет театрының хоры мен халықаралық конкурстардың лауреаты Әсет Балғазиннің орындалуымен басталды.Содан кейін мінберге Қазақстан Республикасының премер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен FISU-дің төрағасы Олег Матицын шықты.

- Құрметті достар,спортшылар,Универсиада Қонақтары!
Мыңжылдық тарихы бар Алматы екі апта бойы әлемнің спорт сүйер қауымының көз тартар орталығына айналды.
Осы уақыт ішінде әлем Қазақстанды, Қазақстан әлемді жаңаша қырынан таныды. Халықаралық қауымдастық халқымыздың тамыры терең мәдениеті мен қанына біткен қонақжайлығын, үздіксіз даму мен әлемдік бәсекедегі қайратын сезді. Алматы Универсиадасы – әлем спортының тарихына өзіндік ізін қалдырды.Алматы ойындарын 1 милиардтан астам адам тамашалады.28-ші қысқы Универсиада шығындарды үнемдегеніне қарамастан жоғары денгейде өтті.
Универсиада барлығына 57 елдің спортшыларын бір жерге жинаған байрақты бәсеке ретінде есте қалады.Аз ғана уақыттың ішінде салынған  «Алматы Арена», «Халық Арена»,стадиондары   денсаулық сақтау және мәдени нысандар тұрғын үйлер алматылықтар мен қазақстандықтардың игілігіне беріледі,-деді Бақытжан Сағынтаев.

 Әрі қарай сөз алған Халықаралық студенттік спорт федерациясының президенті Олег Матицын Алматыны Универсиаданы абыроймен өткізгеніне алғыс айтып  қалаға келегекте жаңа табыстар тіледі.

Салтанаттың арнайы блогы Универсиададағы еріктілердің жұмысына арналды.Алматыдағы Бүкіләлемдік студенттер ойынына Қазақстан,Ресей,Қытай оңтүстік Корея,АҚШ,Канада,Украйна мент.б көптеген елдерден 3000 ерікті  жұмылдырылды.  Еріктілерге арналған «Қанатыңды кеңге жай» әні орындалды.Номерді орындау кезінде жүздеген еріктілер би билеп,экрандарда әлеуметтік желідегі суреттер көрсетілді.

Еріктілер блогынан кейін Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) туы келесі қысқы Универсиаданың – астанасы Красноярскіге табысталды.Ту Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қолынан FISU президенті Олег Матыцинге,ол оны Красноярскінің басшысы Эдхам Акбулатовқа берді. 

- Красноярск Универсиада астанасы ретінде жарысты абыроймен өткізетініне барымзды саламыз. Мен жас спортшылардың арманын орындаған,жаңа чемпиондар тәрбиелеген  FISU-ға,рахмет айтқым келеді.Олардың қажырлы еңбегінің арқасында  әлем жастары бір-біріне жақындай түсуде.мен шығыстың қонақжайлығын көрсеткен Алматыға,спорттық жеңістерге шын жүректен алғыс айтамын.

FISU –дың байрағы табысталғанан кейін Красноярскінің театрландырылған танытымы көрсетілді.Көрермендерге сібірдегі мегаполистің өмірі мен келесі Универсиаданың концепциясы таныстырылды.Сібір тайгасынан шыққан шамандардың мәдениетін мәнерлеп сырғанаушылар мен бишілер керемет шоу етіп көрсетті.Мұз айдынында тамаша би көрсеткен Алексей Ягудинді көрермендер зор қошеметпен қарсы алды.

Универсиада Алауы сөндірілгеннен кейін Алматыдағы студенттік Ойындар ресми түрде жабылды.Салтанат  Али Окапов, Адеми, Джа Калиб т.б орындаушылардың концертімен аяқталды.Әншілермен бірге түрлі елден келген спортшылар да билеу шеберлігін көрсетті.Оларға 150 кәсіби бишілер жәрдем етті.

Алматыдағы Универсиада әлем спортшыларының достық пен келісім атмосферасында аяқталды.Студенттер ойыны -2017 тарихта қалды.Алматы жарысты ең жоғарғы денгейде өткізіп, Красноярскіге абыроймен табыстады.


08.02.2017