A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

АНВАР МАМРАИМОВТЫҢ "До ШвеДания" кітабына тұсаукесер

БАСПАСӨЗ - АНОНСЫ

АНВАР МАМРАИМОВТЫҢ

"До ШвеДания" кітабына тұсаукесер

Қазақстандағы    «Жастар жылы»аясында     Алматы      қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің филиалы: С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында 2019 жылдың 22 ақпанында сағат 12.00-де Анвар Мамраимовтың "До ШвеДания" атты жаңа кітабының тұсаукесері болады. Мекен жайымыз: Алматы қ. Төле би көшесі-27.  

Кітапхана қонақтары:          АлександрГоловинский – деректі кинорежиссеры, Евгения Головинская–журналист, Артур Алипов – деректі фильм режиссері, ҰОС ардагерлері, «Арыстан» арнайы мамандандырылған лицей курсанттары мен мұғалімдері, кітапханашылар.

Біздің кітапхана жазушы Анвар Мамраимовпен 2014 жылдан бері серіктес болып келеді. Болашақ телевизия журналисі, деректі кинолардың авторы-режиссеры Анвар тарихи тақырыптық бағдарламалар, атақты адамдар жайлы деректі фильмдер мен хабарламалар түсіреді. Бірақ көп жұмыс «кадр сыртында» қалып отырғандықтан. Сол тақырыптарды Анвар Мамраимов өзінің автобиографиялық әдеби шығармаларында жарыққа шығармақшы.

Деректі кинолардың атақты режиссеры, журналист, публицистің, кітаптарының тақырыбы- бүгінгі әлемнің жаһандық мәселесі, тарих, археология,Ұлы Жібек жолы. Ал "До ШвеДания" шығармасы- автордың      8-ші әдеби туындысы. Бұл кітап- автобиографиялық трилогияның өзінше нәтижесі. Алдыңғы екі кітап «Исповедь пилигрима» және «Взгляд» сияқты мұнда да автор бүгінгі күні адамзатты толғандырып жүрген ең өзекті деген мәселеге тоқталады.

Берілген шығарманың негізгі тақырыбы - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен ардагерлердің өмірі – журналистің әкесіне бір тарау толық арналады, Берлинге қарай өткен соғыстың жолы, ата-анаға деген құрмет, махаббат пен мейірім. Автордың мойындағанындай, кітап адамзат атаулыға құштарларға, жалпы көпшілік оқырмандарға арналады.    

Тұсаукесер аясында автордың шығармаларынан кітап көрмесі қойылады, студенттердің орындауында әскери әндер шырқалады, «Те, кто брал Берлин» атты Ұлы Отан соғысынан алынған кадрлардан -деректі фильм көрсетіледі, автордан қолтаңба- сессиясы.

Модераторы: журналист және жазушы Анвар Мамраимов,                    С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі - Конарова Алма Сейсеновна.   

БАҚ аккредитациясы: тел. 2916351, 2914052, alma-kac@mail.ru

07.02.2019