A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

2017 жылдың 12 сәуір сағат 11:00-де С.Бегалин атындағы қалалық орталық кітапханада (Алматы қ., Төле би, 27) немістің көрнекі қаламгері, балалар жазушысы Аня Туккерманның МАҒАН ӘЖЕ КЕРЕК атты романының қазақ тіліне аударылған нұсқасын оқырманға таныстыру мақсатында арнайы тұсаукесер рәсімі өтеді. Оқырманға ұсынылып отырған «Маған әже керек» („Suche Oma“) романы Аня Туккерманның үлкен қалада тұратын неміс балаларының өмірін сипаттайтын, алғашқы әрі кең тараған шығармаларының бірі.

 

Романның басты кейіпкері Штефидің анасынан басқа жақыны жоқ. Бірақ сол анасының өзі де тек демалыс күндері ғана болмаса, басқа күндері жұмыстан кеш келеді.

 

Іші пысқан Штефи бұл мәселені өзі шешуге бел буады. Әр балаға әже керек. Қызықтың көкесі сонда басталады: ол өзіне бір емес, бірнеше әже тауып алады! Штефиге ғана әже керек емес, әжелерге де Штефидей сүйкімді немере керек екен!

 

Кітапта өзекті мәселе қозғалған. Күнұзақ баласының қамы үшін  жанталасып еңбек ететін ата-ананың сол балаға қарауға уақытының болмауы – кейбір қазіргі ата-аналардың көкейтесті мәселесі. Сондықтан роман қоғамға, ұрпақ тәрбиесіне әлі де үлесімді қоссам, өскелең ұрпаққа әлі де берерім бар деген ата-әжелер үшін, жалпы қазақ тілді оқырман үшін қызықты болар деген үмітпен аударылып отыр.     

 

Аударма тілі жатық, көпшілік оқырман қауымның көңілінен шығады деп сенеміз. Аудармашы Таңсұлу Рахымбаева түпнұсқадағы автордың негізгі берер ойын, идеясын, стилін анық жеткізе білген. Кітаптың ана тіліміздегі нұсқасы «АТАМҰРА» баспасынан жарық көрді.

 

Толығырақ ақпаратты +7 705 209 4557 телефоны арқылы хабарласып немесе marzya_agatayeva@mail.ru адресі бойынша хат арқылы алуға болады.

 

10.04.2017