A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

2017 жылдың 9 маусымында сағ. 15.00-де ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 аясында «Ғылымның қилы соқпағымен: Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ғалым – тұлғалар» атты көрменің ашылу салтанаты өтеді.

ҚР Мемлекеттік орталық музейі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына байланысты «Ғылымның қилы соқпағымен: Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ғалым – тұлғалар» атты көрме өткізеді.

«Ғылымның қилы соқпағымен: Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ғалым – тұлғалар» көрмесі қазіргі заманғы қазақстан ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жетістіктерін көрсетеді. Тәуелсіздік алғалы елімізде ғылымның дамуына жаңа көзқарас пайда болды. Қазақстан ғылымы әлемдік ғылыми қазынаға орасан зор үлес қосты. Жәй ғана мектеп емес, өзінше ірі институт ретінде тұтастай  ғылыми перспективалық бағыттар құрды. Бірқатар қазақстандық саңлақ ғалымдарды тәрбиелеп, әлемге әйгілі етті. 

Көрмеде ҚР МОМ қорынан алынған кеңестік кезеңдегі әйгілі ғалымдардың: Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалаушы Қ.И. Сәтпаев, этнограф, археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х. Арғынбаев, археолог, ұлттық мектептің негізін қалаушылардың бірі – К.Акишев, тұңғыш палеонтолог-әйел Б.С.Қожамқұлова, А.Жиренчин, Ә.Марғұлан, сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарындағы ғалымдардың: С.З.Зиманов, М.Х.Асылбеков, У.Х.Шалекенов, М.Қойгельдиев, Ж.К.Қасымбаев, Е.Е.Ерғожин және т.б. жеке кешендері ұсынылады.

Көрме мақсаты: ғалымдардың қазақстандық ғылымның құрылуы мен дамуына қосқан үлесін көрсету.

Көрме «Ғылым ордасымен», және ҚР Орталық ғылыми кітапхананың қатысуымен

дайындалды.

                                                                                      

 

Көрме 2017 жылдың 31 шілдесіне дейін жалғасады.

Байланыс телефоны: 264 46 44; 264 55 77.

05.06.2017