2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Олимпиада 2022: Алматының өтінім комитеті Томас Бахпен кездесу өткізеді

Бүгін 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге Қазақстаннан үміткер қала - Алматының әкімі Ахметжан Есімов жергілікті уақыт бойынша сағат 9:30-да Куала Лумпурде шетелдік журналистер үшін баспасөз брифингін өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz. Алматы әкімі агенттікке 30 шілдеге арналған тығыз жұмыс кестесі туралы айтып берді. Қазір Малайзия астанасында ХОК 128 сессиясы аясында түрлі іс-шаралар өтуде. 

«Біздің көңіл-күйіміз тамаша, «күреске» дайынбыз. Кеше өте жемісті күн болды, қыруар іс тындырдық, бірқатар екіжақты кездесулер өткіздік. 29 шілдеде қызу жұмыс істедік, ХОК мүшелерімен кездесулер болды. Бүгін таңғы 9:00-де кездесулер легі басталады, кейін сағат 11:00-де ХОК президенті Томас Бахпен кездесу және тағы бірқатар келіссөздер жоспарланған. 14:00-де біздің Олимпиадалық комитеттің басшысы Тасмағамбетовпен бірлесіп белгілі бір хаттамалық құжаттарға қол қою көзделуде, ал кешкі 20:00 мен 21:00-де ХОК қабылдау өткізеді», - деп мәлім етті BNews.kz агенттігіне сұхбат берген Ахметжан Есімов.

29 шілде күні қазақстандық Олимпиадалық және Өтінім комитеттерінің басшылары түрлі елдердің ХОК мүшелерімен кездесулер және келіссөздер өткізді. Алматы әкімі атап өткендей, ХОК өкілдерін үміткер қала ретінде Алматының, сондай-ақ жалпы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы қызықтырған. Спорттың дамуына қатысты сұрақтар да қойылды.

30.07.2015