A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Пәтер кезегінде тұрғандар Атлеттер ауылынан кілттерді алды

«Универсиада мұрасы» аясында Алматы әкімі Бауыржан Байбек және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі «АҚ – ының» басқарма төрағасы Әнуар Омарходжаев Атлеттер ауылында пәтер мен сертификаттар тапсырды.

Пәтер алу кезегінде тұрған 2 мыңнан астам алматылық отбасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған болашағы зор жаңа ықшам аудан тұрғындарына айналды, олардың арасында 1 және 2 топ мүгедектері, жетімдер, ата – ана қарауынсыз қалған балалар, соғыс және еңбек ардагерлері, көп балалы және толық емес отбасылар, дәрігерлер, мұғалімдер, және басқалары бар. Сатып алынатын арендалық пәтердің бір шаршы метрінің құны 1036 дан 1126 теңгені құрайды, жалға беру мерзімі 20 жыл.

«Өткен жылы әлеуметтік жағынан аз қорғалған 3 мыңнан астам отбасы жаңа пәтер алды. 2017 жылы 3200 – ден астам алматылық жаңа қонысқа ие болады, солардың 1700 – ден астамы бүгін пәтер кілттерін алды. Бүкіл дүниежүзілік Универсиада чемпиондарына есік ашқан жерге жаңа қоныстанушылар келді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Универсиада мұрасы» аясында 140 мыңнан астам оргтехника, атлеттер ауылындағы арнайы қондырғылар 500 әлеуметтік мекемелерге таратылды. 700 мыңнан астам арнайы спорттық және кәсіби қондырғылар қаланың спорт мектептері мен әлеуметтік нысандарына берілді», - деді Б.Байбек.

Атлеттер ауылының аумағы 23 гектардан астам, мұнда 14 үй салынған. Видео бақылау, өрт қауіпсіздігі қарастырылған. Бұл кешенде ХҚКО, емхана, супермаркет, банк, пошта бөлімшелері мен полицияның тірек пункті жумыс істейді. Құрылыс кезінде тек отандық материалдар пайдаланылды.

Атап өтерлік жайт, соңғы 8 жыл ішінде Алатау ауданын дамытуға жергілікті бюджеттен 300 млрд. теңге бөлінді, толық инфрақұрылым, әкімшілік орталық пайда болды. Бала бақшалар, емханалар салынды. «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиалық орталығы, «Алматы арена» мұз сарайы, қолөнершілер орталығы ашылып, тұрғындардың мәдени және рухани танымы артты. Жаңадан қосылған Наурызбай ауданында 1200 орынды мектеп, күніне 500 және 200 адам қатынайтын емхана құрылыстары аяқталып қалды, 32 көшенің жол жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

22.03.2017