A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Алмас Мәдиев Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебіне оқуға түскен Ерлан Әукеновтың біржарым жылдық оқу демалысы мерзіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ерлан Әукеновтың энергетикалық кешен мен коммуналды шаруашылық салаларын, кәсіпкерлікті дамытудағы, инвестиция тартудағы және басқа да атқарған жұмыстарын жоғары бағалады.
Соңғы 2 жыл ішінде Алматының индустрия Картасына 190 млрд. теңгенің 100 жобасы енгізілді, оның құны 35,6 млрд. теңге болатын 33 жобасы іске асты, соның арқасында қалада 2,7 мың жаңа жұмыс орны пайда болды.

Бизнестің Жол картасы және қалалық «Жібек жолы» бағдарламалары аясында 2015 жылдан бастап 755 бизнес-жоба мемлекеттен қолдау тапты, нәтижесінде 3,4 жаңа жұмыс орны ашылып, бұрыннан бар 10 мыңнан астамы сақталып қалды. «Жібек жолының» игі істерін саралай келіп, биылғы жылы үш жаңа өңірлік бағдарламалар: «Алматы өнім», «Алматы инновация» және «Алматы туризм» жұмыс істей бастады, бұлардың жалпы құны 1,3 миллиард теңге.
Алматыда Ерлан Әукеновтың бастамасы бойынша елімізде баламасы жоқ кәсіпкерлікті ынталандырудың жаңа нысандарды ашу Картасы іске асты. 2016 жылы құны 156,6 млрд. теңге болатын 131 объект ашылды және 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 2017 Картаға 155 млрд. теңгенің 93 жобасы енді. Атап өтерлік жайт, Алматы бойынша бағаланатын Қазақстан «Doing Business» халыаралық рейтингінде 2015 жылдан 77-ден 35 орынға көтерілді.Бүкіләлемдік банктің бағасы бойынша субұлттық рейтингте Алматы 8 қалалардың ішінен1-ші орынды иеленді.
Жылуэнергетика кешені мен ТҮКШ-та соңғы 3 жыл ішінде жүргізілген қайта жасау барысында апатты жағдайлар 10%-ға төмендеді. Жылу маусымы басталар алдында бірнеше инженерлік желілер іске қосылатын болады, бұл өткен 2 жылмен салыстырғанда едәуір көп. 
Ерлан Әукеновтың оқу демалысы кезінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы болып Алмас Мәдиев тағайындалды, ол бұған дейін Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқарманың басшысы қызметін атқарған еді.
Алмас Мәдиев мамандығы бойынша инженер-экономист, заңгер, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын, К.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік Университетін бітірген.
Түрлі жылдары Жамбыл технологиялық институтында оқытушы, Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің басшысы, Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармаларының басшысы, «ҰК «ӘКК «Оңтүстік» АҚ-ның қаржы директоры, басқарушы директоры,басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ-ның қаржы департаментінің директоры, «ҰК «ӘКК» Павлодар» АҚ-ның басқарма төрағасы, Жамбыл облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

29.08.2017