A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыдағы Универсиадада әйелдер арасындағы алғашқы медальдар сарапқа салынды.
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыдағы Универсиадада әйелдер арасындағы алғашқы медальдар сарапқа салынды.

Алматыдағы Универсиадада әйелдер арасындағы алғашқы медальдар сарапқа салынды.

30.01.2017

30 қаңтар. Шаңғы жарысы. Әйелдер. 5 км (классикалық стил):

1.     Лилия Васильева (Ресей) – 14:08.06

2.     Анна Нечаевская (Ресей) – 14:21.09

3.     Анна Шевченко (Қазақстан) – 14:23.08

Шаңғыдан 5 км «классикалық»жарысқа әлемнің 21 елден 64 спортшы қатысты.Бұлтсыз күн мен самал жел сайыс алдында спортшылардың көңілін көтеріп тұрды.Шаңғы трассасындағы сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті.Жарыс жолына бірінші болып  аспан асты елінің спортшысы –Жао Юань шықты.Одан кейін протокол бойынша шыға бастады.Мәреге жетпей құлағандар да болды,бразилиялық Бруно Моуро бастапқыда қатты екпін алып төбешікке шыға алмай құлап қалды.Жарыс жеңімпаздары ең соңына трассаға шықты.Мәреге жеткенше көшбасшылар қайта қайта ауысып отырды.Жеңімпаз Лилия Васильева соңғы минуттарда ғана қарсыластарын шаң қаптырды.

- Мен әрдайым жүлделі орындарға таласамын-деді Универсиада-2017 алғашқы Жеңімпазы Лилия Василева.Трассаның өз ерекшеліктері бар екен.Кей жерде өте биік кей жерде аласа төбешіктер кездесті.Бұрылыстар еңістеу жерлерден қиындықтар кездесті.Бұған дейін бұл трасса туралы ешкімнен естіген жоқ едім.Бірақ бәрі артта қалды.

Сайыс кезінде ресейлік біздің қазақстан шаңғышысына 5 сек кейіндеу келе жатты алайда мәреге жетер тұста алға сурылып шықты.Нәтижеде қазақстандық Анна Шевченко күміс медал иесі Анна Нечаевадан 2 сек кеш келіп қола жүлдеге қол жеткізді.

-Дистанцияның екінші кезеңі ауыр тиді –

Мүмкін жылдам бастап тез шаршап қалған шығармын.Трасса ауыр,төбешіктер жиі кездесті,шаңғымның мықтылығының арқасында қиындықты еңсердім - деді мәреге жеткен Анна Шевченко.


30.01.2017