A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Универсиада – 2017 ойындарында могулден ресми жаттығу өтті

Шымбұлақта жарысқа қатысушылар арасында фристайлдың «могул» түрінен ресми жаттығу болып өтті. 

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жаттығу жоспарланған сценарий бойынша өтті. Жаттықтырушылар жолдардың сапасына баға беруге мүмкіндік алды. Өз спортшыларымен  сайыс барысында қалай үздік нәтижеге жетудің көрсетудің жолдарымен бөлісті.

-Мен Европа Кубогының бірнеше  кезеңдерінде өнер көрсеттім. Біздің жолдардың сапасы әлдеқайда жоғары деп айта аламын. Кеше біраз ауа-райы қолайсыздау болды. Ертеңгі жарыс күні күн ашық болады деп ойлаймын. Алдыңғы үздік бестікке ілінгім келеді, - деген  Константин Горлачев өз ойымен бөлісті.

Белгілі болғандай турнирге қыздар командасында 8 елдің 17 спортшысы, ал ерлер арасында 7 елдің 17 сайыскері өнер көрсетеді.

Ауа райы жақсы болып түрса 2 ақпан күні могулден жеке жарыста медальдар сарапқа салынса, 3 ақпан күні  атлеттер паралеллельді могулден жүлдеге таласатын болады.

01.02.2017