2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы қаласының аумағында қатаң шектеу шаралары енгізілді
Құрметті Медеу ауданының тұрғындары. Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді және эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша Мемлекеттік комиссияның шешімін орындау мақсатында Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен Алматы қаласының аумағында 5 шілде 00.00-ден 2020 жылғы 20 шілде 00.00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізілді.

Сондықтан, тұрғындар эпидемиологиялық тәртіпті қатаң сақтау қажет:
- 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеулер енгізіледі;
- адамдарды шақырумен және шоғырландырумен байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (туған күндер, мерейтойлар, тойлар, астар және т. б.);
- жұмыс және қоғамдық орындарда (сауда объектілері, көшелер, саябақтар, әуежай және т. б.), қоғамдық көлікте маска тағу режімін және әлеуметтік қашықтықты сақтау.

Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына баруларына болады. Сондай-ақ ашық ауадағы жеке жаттығуларға рұқсат.

Профилактикалық мақсатта көппәтерлі үйлердің подъездері мен аула аумақтарына дезинфекциялық шаралар аптасына 2 рет жүргізіледі, сонымен бірге, көшелер мен көпшілік орындарға, көппәтерлі үйлердің ошақ анықталған подъездеріне дезинфекция жасалады.

Covid-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында көрсетілген кезеңде жұқтыру қаупі жоғары келесі объектілердің қызметіне тыйым салынады:

- сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және жазғы террассалары мен жеке кіретін есігі бар стационарлық тамақтану объектілерін қоспағанда;
- ойын-сауық мекемелерінің (караоке, кальян, бильярд, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг-орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлар қызметіне тыйым салу;
- жабық азық-түлік, сондай-ақ азық-түлік емес базарлар;

04.07.2020