A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда көлік бағыттары бойынша Евро-5 стандартындағы 50 жаңа автобустар жүре бастайды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда көлік бағыттары бойынша Евро-5 стандартындағы 50 жаңа автобустар жүре бастайды

Алматыда көлік бағыттары бойынша Евро-5 стандартындағы 50 жаңа автобустар жүре бастайды

Алматыда қоғамдық көліктің жылжымалы составын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек тасымалдаушы «Green bus company» ЖШС сатып алған жаңа автобустарды қарап шықты.

Алматының Көлік холдингі орталық диспетчерлік басқармасының мәліметі бойынша қыркүйек айында №50,112,126 бағыттарындағы көліктің қатынау жиілігі 56%, 24% и 56% -ды құраған, соның салдарынан тұрғындардан шағымдар да көп түскен. Осыған орай, Yutong маркалы 50 жаңа автобус аталған бағыттардағы олқылықтардың орнын толтыратын болады. Ал босаған автобустар №120,135,63,118,38,45,18,92,30,32 бағыттары бойынша бөлінеді.

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов «Алматыэлектротранс» ЖШС биылғы жылдың қазанынан желтоқсанға дейін 297 автобус сатып алуды жоспарлап отырғандығын жеткізді. Қазірдің өзінде «ЛИАЗ» маркалы 20 автобус жеткізілді, 13 қазанда Мәскеуден 20 автобус жолға шыққан, тағы 20 автобус 16 қазанда келеді, қалғандары кезең бойынша тасымалданады. Барлық автобустар кондиционерлермен жабдықталған, қаланың бренбукі бойынша бір стильде әрленеді.

Бұлардан өзге, жеке тасымалдаушылар 254 автобус алуды жоспарлауда, олардың 60-ының сыйымдылығы орташа, қалған 194-і үлкен. Тасымалдаушы компаниялар «БаТу трэвел» ЖШС, «АвтоАлма-Транс» ЖШС, «Мадина» ЖШС, «Талап Т»ЖШС, «Самат Транс» ЖШС, «Green bus company» ЖШС-нің жаңа автобустары биылғы жылдың қазан айынан 2018 жылдың сәуір айына дейін келе бастайды.

20.10.2017