2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

«Менің Тұңғыш Президентім» эссе байқауы (видео)




«Менің Тұңғыш Президентім» эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттадық.

Естеріңізде болса, 11-20 қараша аралығында «Нұр Отан»  партиясы Медеу аудандық филиалының бастамасымен аудандық мектептер арасында «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбында эссе байқауы жарияланған болатын. Байқауға 200-ден аса оқушы қатысқан.

Байқау мақсаты – қоғамда еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрудағы тарихи рөлін кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін, патриоттық рухын арттыра отырып, Елбасының тәуелсіз мемлекет құрудағы еңбегін айшықтай түсу болды.

Тәуелсіз сарапшы топтың шешімімен 18 жұмыс үздік деп танылып, жеңімпаз атанды.

Бүгін осы эссе байқауының жеңімпаздары мен олардың жетекшілерін «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов @makezhanov_online партия белсенділері Әбдіқадырова Жәмилә, Жапаров Борис, Қасымов Қазақбай ағаларымызбен салтанатты түрде құттықтап,  тиісті грамоталары мен естелік сыйлықтарын табыстады.

29.11.2019