A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда мобильдік қосымша арқылы ағаштар туралы ақпарат алуға болады
Алматыда мобильдік қосымша арқылы ағаштар туралы ақпарат алуға болады

Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы (Жасыл экономика басқармасы болып өзгереді) «Аlmtree» мобильді қосымшасын шығарды, оның көмегімен қаладағы әр ағаш туралы ақпарат алуға болады.

Жасыл желекке инвентаризация мен патологиялық зерттеу жүргізу Алматының ГАЖ ағаштардың сапалық және сандық мәліметттерін жүктеуге мүмкіндік берді.

Қосымшада көшелер, үйлер, өзендер, су арналары және ағаштар көрініс тапқан. Енді «Almtree» мобильді қосымша арқылы қала тұрғындары әр ағаштың инвентарлық нөмірін, тұқымын, жағдайын, жасын, биіктігін, діңгегінің диаметрін білетін болады. Қосымшаны пайдаланушылар ұсыныстарын жазып, жасыл желек жөніндегі мәліметтерді толықтыра алады.

Қазіргі кезде қосымшада 2,2 млн. астам жасыл желек жөнінде ақпарат бар, олардың ішінде қылқан жапырақты ағаштар – 134 129, жапырақты - 1 932 807 және шыбықтар – 164 199. Бұлардың арасында 55 мың ағаш апатты жағдайда.

Қосымшаның басты міндеті жасыл желекке мониторинг жүргізудің сапасын жақсарту және қаланы одан әрі жасылдандыру жоспарын барынша тиімді қалыптастыру. Мобильді қосымша Android, iOS платформаларында жұмыс істейді және оны жасаушылар арқылы үнемі жаңарып отырады.

Айта кетерлігі, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасын Жасыл экономика басқармасы етіп өзгерту арқылы Алматы әкімі қаланы қоршаған ортаны жақсарту жөнінде бірқатар нақтылы міндеттер қойып отыр, соның ішінде экономиканың түрлі секторларына барынша тиімді «жасыл» жобалар енгізіледі, су ресурстарын ұтымды пайдалану, жасыл желек қорын сақтау және ұлғайту арқылы қаланың экологиялық жүйесіне түсетін антропогендік жүктеме азаяды.

Бұлардан өзге, қоқыс қалдықтарын жинау, утилизациялау және қайта өңдеу жүйесі табиғи шаралардың жасыл экономика қағидалары мен халықаралық тәжірибе негізінде одан әрі жетілдіріледі. Айта кетерлігі, қазіргі кезде қоршаған ортаға көп зиян келтіретін өндірістік орындарын қала сыртына шығару мәселесі қарастырылуда.

28.01.2019