A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматы әкімдігі француз компанияларымен тау туризмін дамыту туралы меморандумға қол қойды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімдігі француз компанияларымен тау туризмін дамыту туралы меморандумға қол қойды
Бүгін Алматыда Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландтың Қазақстанға ресми сапары аясында қала әкімдігі мен француз компаниялары арасында туризм саласын дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды. Яғни, Алматы әкімдігі мен «Монтань» тау кластері бірігіп жұмыс істеу жөнінде меморандум жасады. «Көктөбе» паркі мен «РОМА S.A.S.» компаниясы да келісімге келді. «Көктөбе» тауларына гондельді жол жасау үшін аталған компания тиісті жабдықтар жеткізетін болады. Мегаполис басшысы Ахметжан Есімов екі мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Франуса Олланд арасында жасалған жоғары деңгейдегі келісімдердің өте маңызды екендігін айтты. Ол, сонымен қатар, турзм саласы Алматыны одан әрі дамыту жөніндегі Концепцияның басты бағыттарының бірі екендігін жеткізді. «Біз Алматыны дамытудың негізгі үш бағытын белгіледік. Біріншісі - АЭА, Инновациялық технологиялар паркі, ол дербес экономикалық режимде жұмыс істеуде.Мемлекет тарапынан оған көп жеңілдіктер жасалып отыр, салық пен кедендік төлемдерден босатылған. Екінші бағыт - Индустриалды аймақты дамыту, мұнда ішкі және сыртқы нарыққа өнім шығаратын кәсіорындар құрылатын болады. Үшіншісі - туризм. Екі мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдер барысында француз компанияларының саны артатындығына мен сенімдімін», - деді Ахметжан Есімов. Осы күні Франция Президенті француз диаспоры, Алматы мен Қазақстан ғалымдары мен студенттері алдында дәріс оқыды. Франсуа Олланд өз сөзінде туристік кластер құру арқылы туристерді көптеп тартуға, Қазақстан мен Алматыны одан әрі дамытуға болатындығын атап өтті. Бұдан өзге, Франция Президенті бизнес пен экономикада ғана емес, ғылым мен мәдениетте де екі жақты іскерлік байланысты жандандыру қажет деді. «Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтанм Назарбаевпен екі ел студенттерінің Францияда және Қазақстанда білім алулары жөніндегі құжатқа қол қойдық. Қазіргі кезде Францияда жыл ішінде 400-ге жуық қазақстандық студенттер білім алуда. Жақын арада олардың саны артады деген ойдамын», - деді Франсуа Олланд.
06.12.2014