A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Атлеттер ауылында Украина және Канада тулары көтерілді

Бүгін түстен кейін Атлеттер ауылында Украина және Канада ресми делегацияларының туларын көтеру салтанаты өтті. Осылайша екі елдің тулары таңертең көтерілген Қазақстан мен Қытай рәміздерінің қасынан орын алды.

Еріктілердің қатысуымен өткен салтанатты ортада Атлеттер аулының әкімі Серік Сәпиев кешен орталығында орналасқан сахнадан сөз сөйледі:

-         Құрметті Универсиада қатысушылары! Ұйымдастыру комитеті атынан қонақжайлы Қазақстан жерінде, мыңжылдық тарихы бар көрікті Алматыда өздеріңізбен қауышып отырғанымызға қуаныштымыз дегім келеді. Бүгінгі күн Алматы – республиканың ең ірі мегаполисі, еліміздің мәдени, туристік, іскерлік және тарихи орталығы саналады. Сіздер Универсиадаға жарыстарға қатысу үшін келдіңіздер, алайда Атлеттер ауылында біздің барлығымыз доспыз. Ауылдың әкімі ретінде өзім және менің бүкіл командам тәулік бойы өздеріңізге кез келген көмекті көрсетуге дайынбыз. Барлықтарыңызға сәттілік пен жеңіс тілеймін!

Осыдан кейін Украина және Канада ресми делегацияларының басшыларына естелік сертификаттар табысталды.

Содан соң студенттердің «Гаудеамус» әнұранын шырқатып, екі елдің тулары көтерілді. Ресми бөлім салтанаттың барлық қатысушыларын фотоға түсірумен аяқталды.



26.01.2017