A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • 26 қаңтарында Павлодарда 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада Алау эстафетасы өтеді
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

26 қаңтарында Павлодарда 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада Алау эстафетасы өтеді

26 қаңтар күні Павлодар облысының еңбек сіңірген спортшылары мен мәдени қайраткерлері Универсиада алауын Павлодар қаласының орталық көшелері бойымен көтеріп өтеді. Алау эстафетасы сағат 10:00-де С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде басталып, «Астана» мұз сарайының жанында сағат 13:30-да мәресіне жетеді. Жол бағытының жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрамақ.

«Алау көтеруші атану – көңіл толқытатын жауапкершілігі зор міндет. Мен үшін бұл үлкен құрмет!», – деді Павлодар облысының алау көтерушісі Дмитрий Федькович. Спорт акробатикасынан 2016 жылғы Азия чемпионы және 2016 жылғы Әлем кубогы кезеңдерінің күміс жүлдегері Дмитрий спортшылардың барлығына лайықты деңгейде ойын көрсетіп, жарыстарда еліміздің көк туын желбіретуді тіледі.

Грек-рим күресінен ҚР-ның сопрт шебері, 2010-2011 жылдар аралығындағы грек-рим күресінен Қазақстан Республикасы біріншілігінің чемпионы, 2013 жылғы Моңғолия Республикасында кадеттер арасында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2013 жылғы кадеттер арасындағы ҚР чемпионы, 2013 жылғы ҚР чемпионы, 2014 жылғы кадеттер арасындағы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, 2014 жылғы Словакия Республикасы кадеттері арасындағы әлем чемпионатының қатысушысы Елдос Мағзұмов Павлодар облысы атынан эстафетаға қатысатын бас алау көтеруші құрметіне ие болды. Елдос Алматыға Универсиада алауын жеткізетін болады. Естеріңізге салып өтсек, 29 қаңтарда «Алматы Арена» мұз сарайының сахнасына 16 алау көтеруші Алауды бір уақытта тостағанға көтеріп алып барады. Конструкцияның әрбір күлтесіне алауды тигізген соң, тостағандағы от жағылады.

25.01.2017