A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 1 2 3 4 5
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Қанатыңдыкеңсерпі!

Қанатыңдыкеңсерпі!

Алматы 28-шіДүниежүзілікқысқыуниверсиаданықабылдайды.

2017 жылдың 29 қаңтары - Бүгінсағат 19:00-де «Алматы-Арена» мұзсарайында 2017 жылғы 28-шіДүниежүзілікқысқыуниверсиаданыңашылусалтанатыөтеді.

Қалыптасқан дәстүрге сай Салтанат мәдени ойын-сауық және хаттамалық бөлімнен тұрады. Бүкіл салтанат 2 сағат 40 минутқа созылады. Универсиада қожайынының туын Ұлттық ұлан офицерлері халықаралық байқаулардың лауреаттары атанған балалармен бірге алып шығып, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.

12 мыңнан астам көрерменді сыйдыра алатын «Алматы-Арена» мұз сарайының орталық сахнасы өмір, даналық пен махаббатың нышанына айналған гүл күлтесі түрінде безендендірілген.

Универсиада қонақтары мен қатысушыларына Қазақстан дамуындағы ең маңызды кезеңдер, елдің бай мәдениеті, сан алуан дәстүрі мен қолөнері, республика аумағында тұрып жатқан ұлттардың күшті рухы, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың өсіп-дамуға деген ұмтылысы театрланған көрініс аясында баяндалады.

Жарты сағатқа созылатын бұл тарихи-этникалық көрініс кезінде инновациялық технологиялар қолданылып, планшеттері бар роботтар, жел диірмендері, аңыз кейіпкерлері, субұрқақ және отшашу түріндегі  ауқымды декорациялық элементтер алма-кезек ауыстырылатын болады.

Ашылу салтанаты кезінде құрама командалардың дәстүрлі шеруі өтеді. Шеру аясында 57 елдің делегациялары жүріп өтпек. Қазақстан құрамасының туын шаңғышы Дәулет Рахымбаев көтеріп шығады.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Айза Иманбек спортшылар атынан ант бермек. Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) туын Подкорытов Василий, Елеусінов Данияр, Дәулімбаев Әділет, Садуақасова Динара, Айдова Екатерина, Урдабаева Мариан сынды спортшылар көтеріп шығып, Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) Gaudeamus әнұраны шырқалады.

Қатысушылар алдында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және де Халықаралық студенттік спорт федерациясының президенті Олег Матыцин құттықтау сөз сөйлейді.

Еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан қатысып отырған 16 алаугер Универсиаданың біртұтас отын түзетін отқа қолдарындағы алауды біріктіру үшін Аренада жиналып, осылайша Ойындардың басталуын білдіретін алау Тостағаны жағылады. Бас алаугерлер қатарында Рио-де-Жанейродағы олимпиада ойындарының жүлдегерлері Жазира Жапаркүл, Әділбек Ниязымбетов, Екатерина Ларионова, Иван Дычко, бокстан әлем чемпиондары Дина Жоламан және Жанібек Әлімханұлы, мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыстардың жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева сынды тағы да басқа белгілі қазақстандық спортшылар бар.

Салтанат дәстүрлі отшашумен аяқталады.

Көрініске барлығы бір жарым мың әртіс, соның ішінде опералық және эстрадалық әншілер, цирк гимнастары, спорт мектептерінің мәнерлеп сырғанаушылары, би ұжымдары, Алматы театрларының актерлері және т.б. өнер көрсетеді.

Универсиаданың ресми Ашылу салтанатын «Қазақстан», «Хабар», «Қазспорт» телеарналары тікелей эфирде таратады. 



29.01.2017