A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

5 мыңнан астам жас алматылықтар оркестрлер парадына қатысты
5 мыңнан астам жас алматылықтар оркестрлер парадына қатысты

Алматыда Балаларды қорғау күні балалар мен жасөспірімдердің музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің парады болды.

Жаңарған Жібек жолы бойындағы мерекелік шеруге 5 мыңнан астам балалар қатысты. Қайта жасалған Панфилов көшесінің бойымен барабаншылар, черлидерлер колонналары, үрлемелі оркестрлер мен би ұжымдары жүріп өтті.

«Мұндай шаралар балалардың бойында өзара ынтымақты және мектепке деген сенімді күшейтеді, екінші жағынан оқушылардың шығармашылық және креативтік әлеуетін арттырады. Парад осымен екінші рет өтіп отыр, оған арнайы репертуар, ерекше аранжировкалар жасалды. Балалар бұл шараға бар ынталарымен дайындалды», - деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқбаева.

Қала тұрғындары мен қонақтары алдында отандық эстрада жұлдыздары, соның ішінде Сәкен Майғазиев, Серік Ибрагимов, Нұрболат Абдуллин, Серікбол Сайлаубек, Бейбіт Кушкалиев, МузАрт Life, мектептің «SMart» балалар хоры және көптеген басқалар өнер көрсетті. Ең кішкентай қонақтар үшін түрлі интерактивті ойындар мен конкурстар ұйымдастырылды.

Айта кетерлігі, 2 маусымда «Шымбұлақ» ТШК-да Family day ұйымдастырылады. Сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін тау шаңғысы курортындағы батуттар, скалодром, квадрацикл мен понимен сырғанау, арқан паркі, теннис тегін болады.

Дәл осы күні сағат 11.00 ден 23.00-ге дейін ҚБТУ-дан төмен (Абылай хан – Қазыбек би – Панфилов – Әйтеке көшелерінің маңы) «Тәтті Алматы» тағам жасаудың отбасылық фестивалі өтеді, мұнда мегаполистің танымал мейрамханалары алматылықтар мен қала қонақтарына тәтті тағамдар ұсынады.

Алдағы демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтары үшін Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында VI Халықаралық «The Spirit of Tengri»замнауи этникалық музыка фестивалі өтеді, оған 12 жақын және алыс шетелден келген артистер қатысады. Концерттер 2 және 3 маусымда сағат 17.00-де басталады. Кіру тегін.

01.06.2018