2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
24 25 26 27 28 29 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Б. Байбек мегаполистің санитарлық жағдайы мен көгалдандырылуын аралап көрді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполистің санитарлық жағдайы мен абаттандырылуын аралап көрді.

Ол негізінен жол жиектері мен жүргінші тротуарларын тазалаумен айналысатын «Алматы тазалық» МҚК-ның жұмыс базасымен, өнідірістік орындарымен танысты. Кәсіпорын түнгі уақытта жолдарды тазалаумен айналысады. Ал қыс кезінде жауған қардан жолдарды тазартып, көктайғақ болдырмау үшін құм қосындыларын төгеді.

«Алдағы қыс маусымына біз дайынбыз. Қыс суық әрі қарлы болса, техника да жеткілікті. Біз Алматының тек негізгі көшелерін ғана емес, барлық аудандар мен өзге де жерлерді тазартуға тиіспіз. Жалпы, тазарту көлемі барынша ауқымды болғаны жөн. Өзіне бекітілген учаскені дұрыс тазаламаған компаниямен жасалған келісімді бұзу қажет», - деді Бауыржан Байбек.

Қала басшысы «Тәртіп» АҚ өндірістік базасымен танысқан соң қаладағы қоқыс төгетін бактарды және қолда бар техниканы жаңартуды тапсырды.

Б.Байбек қаланың барлық аудандарында көгалдандыру жұмыстарын кеңінен қолға алуды айтты. Ол Республика Сарайы алдында жұмыс істемей тұрған субұрқақты да көріп, мәселені шешуді бұйырды.

Қаланы аралаған әкімге «Сайран» өзенін қайта жасау бойынша ЖСҚ қолға алынғандығы және қауіпсіздікке ерекше мән берілетіндігі айтылды. Жоба аясында су арнасы нығайтылып, гидротехникалық шлюздер жаңартылады, Төле би көшесінің солтүстігіне қарай Үлкен Алматы өзенінің жағалауы абаттандырылады. Бұл жұмыс биылғы жылдың күзінде басталмақ. Бәсеке нарығы мен бизнесті дамыту мақсатында модернизациялау жұмыстарын жеке меншікке беру жоспарланған. 

Қала әкімі қаладағы апатты ағаштарды санитарлық кесу жұмысын да көрді.

«Алматы жасыл қала, заңсыз кесілген ағаш үшін берілетін жаза қатаң болуы тиіс, кесілген ағаштардың орнына жаңасы отырғызылуы тиіс. Сонымен қатар бұл мәселеде қоғамдық мониторингті күшейткен жөн», - деді Б.Байбек.

Shangrila мейрамханасы бойынша Б.Байбек қаланың жасыл қорын қалпына келтіруі жөніндегі мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды. Мейрамхана кесілген бес теректің орнына 50 жаңа жапырақты ағаш отырғызуы тиіс.

18.09.2015