A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы автопаркі жаңа маневрлі эвакуаторлармен толықты
Алматы автопаркі жаңа маневрлі эвакуаторлармен толықты

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында қаланың құтқару қызметінің автопаркін толықтырған «Ssang Young» маркілі жаңа маневрлі эвакуаторларды көрді. Барлығы 10 арнайы машина алынған, бұлар Евро-6 экологиялық сыныпқа сай. Бұрындары Құтқару қызметінің балансында Камаз және Маздарға көлікті толық тиейтін 20 эвакуаторлар болған еді.

Арнайы техниканың өзіндік ерекшеліктері бар, олар түрлі бағытқа ыңғайлы, жанар майды аз жұмсайды, аулаларда, тар көшелерде, көпір астында жұмыс істей береді. Эвакуатор 90 градустық бұрышта көлік тиейді және оған небәрі 2 минут кетеді.

Бұл арнайы техника аулаларда өрт болғанда көлікті эвакуциялау уақытын қысқартуға, апатты көліктерді магистральді көшелерден, қар тазарту кезінде қалған автомобильдерді тез арада алып кетуге, тұраққа дұрыс қойылмаған көлікті тиеу жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. ІІД-нің ӘПБ-мен бірге жедел- профилактикалық шараларды барынша тығыз байланыста жүргізеді. Айта кетерлігі, өткен жылы қала бюджеті есебінен ІІД үшін 34 эвакуатор алынды.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында қаладағы салынып жатқан нысандарды да аралады. Мегаполис басшысы түрі категориядағы қонақүйлерді салу Алматының туристік әлеуетін арттырудың маңызды бөлігі екенін атап өтті.


Мысалы, Алмалы ауданында 112 нөмірлі «Double Tree by Hilton» қонақ үйінің құрылысы аяқталуға жақын. Он қабатты нысан Досмұхамедов көшесінің бойында, құрылысты жүргізуші нысан мен оған жақын орналасқан үйлердің айналасы мен аулаларын абаттандырады. Өз кезегінде Медеу ауданында жалпы алаңы 12 мың шаршы метр, сыйымдылығы 150 нөмір болатын «Novotel» қонақүй іске қосылады. Соның арқасында 120 жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы, қаланың қонақүй қоры 8,5 мыңнан астам нөмірді құрайды, өткен жылы көрсетілген қызмет көлемі 16,3%-ға артты.




28.03.2018