2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Ардақты ақ халатты абзал жандар, Сіздерді Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз ⠀
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Ардақты ақ халатты абзал жандар, Сіздерді Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз ⠀
Ардақты ақ халатты абзал жандар. Сіздерді Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Дәрігерлік мамандық – жау­ап­кершілікті, біліктілікті талап ететін жауапты қызмет. Себебі, дәрігерлік қызмет адамның бұл өмірдегі ең қымбат ден­саулығы мен өмірін сақтауға бай­ланысты.

Ел басына күн туып, аса қауіпті індет бүкіл елге қатер төндірген қиын-қыстау кезеңде медицина қызметкерлері алдыңғы қатарда дертпен күресіп, елдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек етті. Сіздердің адал қызметтеріңізге бәріміз куәгерміз. Осындай сын сағатта өз міндеттеріңізді абыроймен, үлкен жауапкершілікпен атқардыңыздар.

Құрметті дәрігерлер, ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін. #Repost @makezhanov_online
21.06.2020