A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2017 жылдың мамыр айларында өтетін уақытша көрмелердің анонсы
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2017 жылдың мамыр айларында өтетін уақытша көрмелердің анонсы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде

2017 жылдың мамыр айларында өтетін уақытша көрмелердің анонсы

Жоспарланған көрмелер:

·                    2017 жылдың 31 мамыры күні сағат 17.00-де Индира Бобро-Бадамбаева студиясы шәкірттерінің «Әйел жаны нені қалайды?» атты көрмесі ашылады.

·                    3-4 маусым күндері «Жібек жолы» Орта-Азиялық сәндік-қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Жұмыс істеп тұрған көрмелер:

·                    Швецияның Қазақстандағы Елшілігімен бірлесіп Н.Ә.Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабу және Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығын құру жөніндегі шешімінің қабылданғанына 25 жыл толуына арналған швед суретшісі Туве Крабоның «Қылмыс орындары: алғашқы найзағай» атты жеке көрмесі  2017 жылдың 15 маусымына дейін жалғасады.

·                    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивімен бірлескен КСРО Халық әртісі, профессор Хадиша Бөкееваның (1917-2011) туғанына 100 жыл және оның жұбайы қазақ опера әншісі, педогог-профессор ҚазКСР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Байғали Досымжановтың (1922-1998) туғанына 95 жыл толуына арналған «Сахна саңлағы» атты көрме жұмыс жасауда.

·                    Дүниежүзілік жазушылар күніне арналған қазақтың көрнекті ақын-жазушылары – М.Әуезовтың 120 жылдық, Ғ.Мүсірепов пен Ғ.Мұстафиннің 115 жылдық, Д.Әбілев пен Ғ.Ормановтың 110 жылдық, Ә.Шәріповтың 110 жылдық және Ә.Нұршайықов пен С.Шаймерденовтың 95 жылдық мерейтойларына арналған «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» атты көрме жұмыс жасауда.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіндегі тұрақты жұмыс жасайтын экспозициялар:

• 1 –Палеонтология және археологиязалы;

• 2-Тарихи этнографиялық залы;

• 3- Қазақстан Ұлы Отан соғсы жылдарында, диаспоралар мәдениеті залы;

• 4- Қазіргі Қазақстан залы;

• 5-«Ашық қор – Қазақстанның Археологиялық алтыны» экскурсиялық қызмет көрсетуді қосқандағы кіру ақысы - 1300 тг.

• 6 - «Антропология музейі» залы - экскурсиялық қызмет көрсетуді қосқандағы кіру ақысы - 1000 тг.

• 7 – «Н.Г. Хлудова» залы- экскурсиялық қызмет көрсетуді қосқандағы кіру ақысы - 1000 тг.

Мекен-жайы: Самал – 1 ы.а., 44 үй, т. 264-55-77, 264-46-50

Жұмыс кестесі: 9.30-дан 18.00-ге дейін, әр сейсенбі күні демалыс

Музейге кіру ақылы: ересектер үшін 300 теңге, студенттер үшін 200 теңге, зейнеткерлер үшін 150 теңге, оқушылар үшін 100 теңге, шетелдік турист қонақтар үшін 500 теңге.

29.05.2017