2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы - ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы

«Алматы – ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» жылы осы аттас халықаралық конференцияның ашылуымен бастау алды, аталған шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, ҚР-ы мәдениет және спорт вице- министрі Ғалым Ахмедияров, Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше (ИЫҰ) мемлекеттердің шақырылған мәдениет министрлері, білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы Бас директоратының өкілдері (ИҰБД) қатысты.

Конференцияны ашқан Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов оқиғаның маңызды екендігін атап өтіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау жеделхатын оқып берді.

«Алматының ислам мәдениеті астанасы мәртебесіне 2015 жылы Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) мүше болғанына мерейлі 20 жыл толуы кезінде ие болуы есте қаларлық оқиға.

Осы жылдар ішінде Қазақстан ортақ мүдделер тұғырнамасын құра отырып, мұсылман әлемі елдерімен қарым- қатынасты нығайтуға белсенді атсалысып келеді.

Біздің елдеріміздің арасындағы мәдениеттегі, ғылымдағы, білім берудегі дәстүрлі гуманитарлық байланыстарды жаңғырту мен дамыту ұзақ мерзімді сәтті ынтымақтастықтың берік негізін қалайды.

Ислам мәдениетінің астаналары Халықаралық жобасы Ислам ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдени алмасу, гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту және ынтымақтастықты тереңдету әлеуетінің өзектілігін арттыруға үндейді.

Ислам мәдениетінің астанасы құрметті атағы тарихи сабақтастықты айшықтап, Алматы қаласына ислам мәдениетін дамытуда тың серпіліс береді», - делінген жеделхатта.

Ахметжан Есімов «Алматы- Достастықтың 2014 жылғы мәдени астанасы» бағдарламасы қала тұрғындары мен қонақтары үшін есте қаларлық мәдени оқиғаларға толы жыл болғандығын атап өтті.

«Алматылықтардың көңілінен шыққан 32 шара өтті. Ал, биыл Алматы жаңа мәдени бағдарлама эстафетасын қабылдап отыр», - деп атап өтті мегаполис басшысы.

Сөзінің соңында Ахметжан Есімов Алматы тек қаржы орталығы ғана емес, сонымен қатар түрлі мәдениет тоғысқан орын екендігін әрі мегаполистің діни, ұлттық, этникалық толеранттық үлгісін көрнекі түрде көрсетіп келе жатқандығын да атап өтті. Қазіргі кезде қалада 300-ден астам этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді.

24.02.2015