A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматы мен Дания көлік, денсаулық сақтау және энергетика салаларында ынтымақтастық орнатуда
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы мен Дания көлік, денсаулық сақтау және энергетика салаларында ынтымақтастық орнатуда
Алматы мен Дания көлік, денсаулық сақтау және энергетика салаларында ынтымақтастық орнатуда

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Дания Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Томас Винклермен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Бүгінгі күні Дания экономикасы әлемдегі нағыз «жасылдардың» бірі болып табылады, ал Копенгаген «Смарт сити» рейтингінде бірінші орында тұр.

Томас Винклер өзінің сөзінде туризм саласының әлеуеті жоғары екенін, даттардың Орта Азияға үлкен қызығушылық танытатынын, ал Алматы өңірді терең танудың бастауы болатынын айтты.

«Менің Алматыда соңғы рет болған кезімнен бері қарай қалай қатты өзгеріпті, мегаполис жедел қарқынмен дамуда. Жаңа жаяу жүргінші аймақтары мен велосипедшілер инфрақұрылымы ерекше көз тартады», - деп атап өтті Дания Корольдігінің Елшісі.

Жұмыс сапары барысында дат компанияларының көлік, денсаулық сақтау, энергетика салаларының өкілдері Индустриалды аймақ пен «ИТК» АЭА-ның потенциалын зерттеді, сонымен қатар Алматының бірқатар кәсіпорындарында болып, тақырыптық кездесулер өткізді.

Айта кетерлігі, соңғы жылдары Алматы мен Дания арасындағы тауар айналымы 43% -ға артып, 30 млн. АҚШ долларын құрады.

24.05.2018