A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматылық өрт сөндірушілер жаңа арнайы техниканы алды
Алматылық өрт сөндірушілер жаңа арнайы техниканы алды

Алматының өрт сөндіруші бөлімшелері жергілікті бюджет қаржысы есебінен сатып алынған жаңа арнайы техникалармен толықты. Төтенше жағдайлар Департаменті гарнизонына үш «АЛ-32» автосатылар, тез жүретін сегіз автомобиль және төрт өрт автоцистерналар бірлігі және басқа да техникалар берілді.

Алатау ауданындағы №15 мамандандырылған өрт сөндіретін бөлімге барған Алматы әкіміне жаңа техниканың ерекше екендігі, яғни апатты - құтқару және арнайы қондырғылармен жабдықталғаны айтылды. Мысалы, «АЛ-32» автосатылары көпқабатты ғимараттардағы өртті сөндіруге, адамдарды сыртқа шығаруға, ал жол таңдамайтын автоцистерналар таулы жерлер мен бау- бақ массивтеріндегі өртті сөндіруге арналған. Тез жүретін «Тойота Хайлюкс» автомобильдері шағындығына қарай автокептелістерден жылдам өтіп, өрт болған жерге негізгі күш келгенше бұрын жетеді. Олар судың аз болуына қарамастан өрттің алдын алуға барынша ықпал етеді.

«Алматы-2020» бағдарламасының басты тұжырымдарының бірі- еліміздің ең ірі мегаполисінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Біз материалдық-техникалық жабдықтауға ерекше мән бердік – қозғалмалы состав жаңарды, жаңа озық технология енгізілді. Дегенмен, Төтенше жағдайлар Департаментінің басты байлығы-оның жеке құрамы. Сіздердің жұмыстарыңыз қауіпке толы болғанымен, барынша жауапты және маңызды. Біз бұдан былай да көмектесіп, қолдайтын боламыз, төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды болдырмауға жете назар аударамыз, қала тұрғындары үшін Алматының барынша қауіпсіз болуын қамтамасыз етеміз», - деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің басшысы Серік Әубәкіров бұрындары Қазақстанда алғаш рет алматылық өрт сөндірушілер үшін арнайы мотоцикльдердің алынғанын айтты. Тез қимылдайтын жүйелердің іске қосылуы арқасында 7 айдың ішінде 69 өрт сөндірілді, оның 9 автотранспортта болған, мотоциклистер 2 адам өмірін сақтап қалды.

Ол Алматы қаласы әкімінің бастамасы бойынша таяу жылдары сел апатының алдын алу үшін үш қауіпті шатқалға 2 плотина орнатылатынын, бір плотинаның қайта жасалатынын жеткізді. Қарғалы өзені жағалауын нығайту мәселесі шешілді. Сонымен қатар, Алматыда тұңғыш рет сел қауіпсіздігінің автоматтандырылған мониторингі енгізіледі. Өнімділігі жоғары насостар 9 қауіпті өзен суын бір мезетте тартуға мүмкіндік берді.


Бұлардан өзге, №6 моренді көлдің суын азайтудың инженерлік шешімі қаржымен бекітілді, соның арқасында көл суын 310 мың текше метрден 140 мың текше метрге дейін төмендетуге мүмкіндік туды. Енді мұнда су бұрынғыдай толмайды, осыған ұқсас жұмыс Бис13 көлінде де жүзеге асты, мұнда судың көлемі 182 мыңнан 38 мың текше метрге азайды.

Белгілі болғаны, келер жылы Наурызбай және Бостандық аудандарында бөлінген жерлерге екі жаңа өрт сөндіретін бөлімдер салынатын болады.


22.12.2017