A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі Қазақстандағы Индонезия Елшісімен кездесті

Алматы әкімі Қазақстандағы Индонезия Елшісімен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек ҚР-дағы Индонезия Елшісі Рахмат Прамономен кездесті. Тараптар сауда- экономикалық, мәдени- гуманитарлық ынтымақтасты нығайтуды талқылап, туризм саласын дамытудағы тәжірибемен алмасты.

Кездесу барысында биылғы жылдың тоғыз айы ішінде Алматы қаласы мен Индонезия арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе артып, 14,2 млн. АҚШ долларын құрағаны, алайда өзара ынтымақтастық әлеуеті әлі де жоғары екендігі айтылды.

Инвесторлардың ЕАЭО 180 миллиондық нарығына ену үшін Қазақстан тиімді старттық алаң екені атап өтілді. Алматыда «бір терезе» қағидасы бойынша инвесторларға қызмет көрсету Орталығы, Индустриалды аймақ, «ПИТ» АЭА, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін бірқатар преференциялар жұмыс істейді және жеңілдіктер қарастырылған.

Айта кетерлігі, Елші Р.Прамоно ҚР Президентіне сенім грамотасын биылғы жылдың 30 мамырында тапсырған болатын.

02.11.2017