A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшісімен кездесті
Алматы әкімі Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшісімен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшісі Прабхат Кумармен кездесті. Тараптар сауда- экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Мегаполис әкімі Қазақстанның Орта Азия елдері ішінде Үндістанның ірі сауда және инвестициялық серіктестігіне айналғанын атап өтті. Өйткені, Үндістан ІТ қызметінде ірі экспортерлердің бірі болып табылады, оның үстіне Алматы үндінің инновациялық хабтарды дамыту тәжірибесін үйренуге және ынтымақтастықты орнатуға ниетті.

Өз кезегінде Үндістан Елшісі туризм, білім мен мәдениет салаларында да ынтымақтастықты нығайтудың үлкен потенциалы бар екенін атап өтті.

«Алматы – өңірлік магнит,мұнда үнділік бизнесмендердің, мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен түрі шаралар тұрақты өтіп келеді. Қала Делиден ұшып шыққанда небәрі 3,5 сағаттық жерге орналасқан, сондықтан мен Алматының біздің азаматтарымыз үшін танымал туристік бағытқа айналатынына сенімдімін. Біз түрлі фестивальдер, концерттер, көрмелер өткізіп,мәдени алмасуды одан әр жалғастырамыз,йоганың Халықаралық күні де ерекше танымал. Мегаполисте Үндістанның 600 студенті білім алуда, мен екі жақты білім бағдарламасының спектрі арта түсетініне сенімдімін», - деді Прабхат Кумар.

Кездесу барысында үнділік делегацияға «бір терезе» қағидасы бойынша инвесторларға қызмет көрсететін Орталықтың, Индустриалды аймақ пен «ИТП» АЭА-ның әлеуеттері көрсетілді.

Бүгінгі күні қалада үнді капиталымен сауда, медицина, құрылыс, қаржы және басқа салаларда 152 кәсіпорын жұмыс істейді. 2017 жылы Алматы қаласы мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 186,6 млн. АҚШ долларын құрады.

01.03.2018