A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі жұмыс сапарымен Грузия астанасы Тбилисиде болды
Алматы әкімі жұмыс сапарымен Грузия астанасы Тбилисиде болды
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Грузияға жұмыс сапары аясында Тбилисидің мэрі Кахабер Каладземен кездесті. Тараптар қала кеңістігін, сауда- экономикалық байланысты дамыту, тәжірибе алмасу және туризм саласында ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Екі жақты кездесу барысында Бауыржан Байбек Грузия Премьер-министрінің бірінші орынбасары, экономика және тұрақты даму министрі Дмитрий Кумсишвилмен жүздесті.

Тбилиси мэрімен кездесуде Бауыржан Байбек Алматыда бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асқанын, логистика, туризм, «Smart city» жобасы салаларында грузиндік бизнесмендер үшін үлкен инвестициялық әлеуеттің қалыптасқанын атап өтті.

«БізТбилисиде қоғамдық кеңістікті құру қағидаларымен таныстық, өйткені Алматыны дамытудың басты векторы «Қала машина емес, адамдар үшін» принципі болып табылады. Өткен жылы қаланың тарихи орталығының үштен бірі жаңарды, биылғы жылы да дәл осындай кеңістікті қайта жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. Көлікті реформалау белсенді жүруде,автобус паркі жаңаруда, велосипед инфрақұрылымы дамуда, BRT енгізілуде. ЖРК желісін салу жобасы жасалуда. Алматы экономикасының жаңа драйвері деп танылған туристік салада заңнамалық шешімдер мен маркетинг жоспарлар жасаудағы Грузияның тәжірибесі бізді қызықтырады. Алматы мен Тбилиси арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Келісімге қол қойылғанына биыл 25 жыл толады екен, сондықтан мен 2018 жылдың екі жақты байланысты одан әрі нығайтудың жаңа кезеңі болатындығына сенімдімін», - деді Алматы әкімі.

Өз кезегінде Тбилиси мэрі екі ел арасында үнемі жылы әрі бауырластық қарым- қатынастың орныққанын, енді екі қала арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды екенін атап өтті. Кездесу барысында Каха Каладзе Алматыдағы көлікті тұрақтандыру және тұрмыстық қатқыл қалдықтарды утилизациялау жөніндегі жобаларға қызығушылық білдірді.

«Даму қарқыны жоғары болған сайын мегаполистерде ортақ проблемалар қалыптасады, олар - жеке көлік санының артуы,инженерлік желілердің тозуы, тұрмыстық қатқыл қалдықтарды утилизациялау. Бұлардың барлығы экологияны нашарлатады, сондықтан бізде де Алматы сияқты қоғамдық көлікті тұрақтандыру жүйесі маңызды аспект болып табылады. Қазіргі кезде Тбилиси автопаркінде барлығы 700 автобус бар, бірақ біз оны одан әрі жаңартамыз. Бұдан өзге, жақын арадағы бірнеше жылда ескі қаланы қайта жасауды жоспарлаудамыз. Мен айтылған барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайту мен тәжірибе алмасуды күшейту үлкен потенциалдың бар екеніне сенімдімін», - деді Тбилиси мэрі.

Грузияға жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек Премьер-министрінің бірінші орынбасары, экономика және тұрақты даму министрі Дмитрий Кумсишвилмен жүздесті.

Тараптар туризм саласы мен бизнес- климатты жақсарту жөніндегі өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бүгінгі таңда Грузия Бүкіләлемдік «Doing Business» банкінің рейтингінде тоғызыншы позицияда және туристік бағытты дамытуда едәуір алға жылжуда. Тек 2017 жылдың өзінде ғана Грузияда 7,5 млн. астам турист болған.

«Бүгінгі күні Қазақстан Грузияда болған елдердің ТОП-10 қатарына енген. Біздің көптеген отандастарымыз Қазақстанда барып қайтты. Біз ынтымақтастықты және экономиканың туристік кластерін дамыту тәжірибесін алмасуды нығайтуға ниеттіміз», - деп атап өтті Дмитрий Кумсишвили.

Дәл осы күні Алматы делегациясы бір терезе қағидасы бойынша азаматтарға мемлекеттік қызметтің үлкен спектрі көрсетілетін Әділет Үйінің жұмысымен танысты. Бұл мекеменің басты ерекшелігі бірқатар мемлекеттік қызметті «Drive-thгu» жүесі бойынша автомобильден шықпай алуға болады екен.

Айта кетерлігі, 2017 жылы Алматы мен Грузия арасындағы тауар айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 14,5%-ға артқан. Қалада сауда, қаржы, құрылыс, медицина және басқа салаларда грузиндік капиталмен 51 кәсіпорын жұмыс істеуде.



27.02.2018