A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі қала жолдары мен инженерлік коммуникацияларды жөндеу бойынша көшпелі кеңес өткізді

Бауыржан Байбек көшпелі жиын барысында аудандар әкімдері мен басқарламалар басшыларының назарын екі маңызды мәселеге - жұмыстың сапасы мен уақтылы орындалуына аударды.

Биылғы жылы 120 километрден астам жол орташа жөделіп, 85 мың м2 тротуарлар мен 130 бекеттер алаңдары салынады деп жоспарланған. Жол- жөндеу жұмыстарына 7 млрд. теңге, оның ішінде кезекті жөндеуге 1 млрд. теңге, тротуарлар мен бекетті нүктелерді ретке келтіруге 500 млн. теңге, орташа жөндеуге 5,5 млрд. теңге бөлінген.

«Бірінші кезекте ұзындығы 37 км болатын 34 көшеге, сонымен қатар 12 магистральды көшелер мен 23 аудандық маңызы бар көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап өтерлік жайт, ұзындығы 31 км болатын 19 көшеге де орташа жөндеу жүргізудің сметалық құжаттары жасалды. Қала көшелеріндегі ақауларды тауып әрі жөндеу үшін 4 мердігерлік ұйымдар мен 12 бригада жұмыс істеуде, осы аптаның ішінде бұлардың саны 28-ге артатын болады», -деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.

Ол өзінің сөзінде Сайын көшесінен Жандосов көшесінің бойымен Таусамалы поселкесіне дейін күрделі жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанын айтты. Жөнделетін аумақтың жалпы ұзындығы - 2,08 километр. Жоба құны - 1 134,0 миллион теңге. Жөндеу жұмыстары барысында жолдың көлік қозғалысы бөлігі 4 жолаққа дейін кеңейеді, Қарғалы өзенінің бойындағы көпір қайта жасалады, веложолдар мен тротуарлар салынады.

Атап өтерлік жайт, жолдарды жөндеу жұмыстарында заманауи техника пайдаланылады. Асфальт төсейтін жаңа машина 8 тонна асфальт дайындап, оның температурасын 180 градуста сақтай алады. Бұл техниканың ерекшелігі ол қыс кезінде де жолдарды жөндей береді. Бұл техника Қазақстанда біреу ғана. Болашақта осындай бірнеше техника сатып алу жоспарлануда.

Өзінің кезекті жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек қалалық инженерлік коммуникацияларды жаңарту жұмыстарын да тексеріп көрді. Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Ермек Үсенбаев биылғы жылы 172 қазу жұмыстарының жүргізілетінін баяндады. Жұмыстардың барлығы тұтынушыларды электрден, жылудан, судан ажыратпай жүзеге асырылады. Бақылауға алынған 66 қазылған орлардың жыл қорытындысы бойынша 40-ы бұрынғы қалпына келтірілді, 26-ы өтпелі. Арнайы құрылған жұмысшы тобы 30 нысаннан ақау тапты. Мердігерлерге сәуір айының соңына дейін барлық ақауларды жою туралы тапсырма берілді.

 

 

11.04.2017