A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі Медицина қызметкерлері күнімен дәрігерлерді құттықтады
Алматы әкімі Медицина қызметкерлері күнімен дәрігерлерді құттықтады

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Алматыда қаланың денсаулық сақтау саласының өкілдері мараптталды.

Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша «Үздік дәрігер» номинациясында қалалық кардиологиялық орталықтың дәрігері Нұрсан Сұрашев, «Үздік медбике» номинациясында №5 қалалық клиникалық аурухана медбикесі Назира Мырзабаева, «Денсаулық сақтаудағы үздік жас зерттеуші» номинациясы бойынша А. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми орталықтың қызметкері Жасұлан Баймаханов жеңіпаз атанды. Бұдан өзге, осы саланың 30 қызметкері Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамоталарын иеленді.

Дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаған Алматы әкімі дәрігер атану жүрек қалауы, ал медицина өнердің шыңы екенін атап өтті.

«Адамның денсаулығы мен өмірін сақтау үшін Сіздер бауырмалдық пен мейірімділік танытып, араша болумен қатар, көптеген жайттарды бастан кешіресіздер. Сондықтан қай кезеңде де дәрігер, емші абырой мен үлкен құрметке ие. Елбасы қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мен нығайту туралы үнемі айтып келеді, өйткені «дені сау ұлт- біздің болашағымыздың негізі», - деді Алматы әкімі.

Айта кетерлігі, Алматының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасының басты қағидаларының бірі - әр адамға деген шынайы қамқорлық, мұнда қаланың денсаулық сақтау саласын дамытудың кешенді шаралары қарастырылған.

Мысалы, соңғы 5 жылда қаланың денсаулық сақтау саласының бюджеті 60%-ға дейін өсіп, биыл 95 млрд. теңгені құрады, өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 76 жастан асты, жалпы өлім 14%-ға азайды, балалар өлімі 33%-ға төмендеді. Туберкулезден қайтыс болғандар саны 38%-ға, обыр дертіне шалдыққандар саны 20%-ға қысқарды.

Қалада медициналық инфрақұрылым дамуда. Тек өткен жылдың өзінде ғана Алматыда 5 жаңа медициналық объект іске қосылды: Наурызбай ауданында 2 емхана, Медеу ауданында қалалық клиникалық аурухана емханасы және құны 4,8 млрд. теңге болатын вакциналар мен иммундыбиологиялық препараттардың замануи қоймасы.

Бүгін Бостандық ауданында заманауи Орталықтандырылған зертхана ашылды, мұнда молекулярлы-генетикалық, иммуноферментті және иммуннохимиялық,паразитологиялық, микробиологиялық, серологиялық, биохимиялық, жалпыклиникалық зерттеулер жүргізіледі. Орталықтандырылған зертхана ең замануи қондырғылармен жабдықталған, олар микроорганизмдердің биохимиялық тестілер арқылы антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды. Жаңа объектіде жыл ішінде нақтылы 500 мыңға дейін зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

Бұлардан өзге, 2017 жылы жалпы құны 11,3 млрд. теңге болатын тағы 9 объектінің құрылысы басталды. Олардың бесеуі биыл пайдалануға беріледі. Қалада медициналық туризм жедел дамуда. Мысалы, қала клиникаларында жыл басынан бері қарай жақын және алыс шетелдің 50 елінің 2 мыңдай азаматы емделді. Мегаполиске АҚШ-тан Түркиядан ҚХР-нан және басқа елдерден медициналық көмек алу үшін келетіндер саны артуда.
Осы саланы цифрландыру аясында қаланың барлық медициналық ұйымдары ақпаратты жүйені тиімді пайдалануда. 1 маусымнан бастап 30 форма бойынша есепті құжаттар қағазсыз жүзеге асуда. Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен электронды денсаулыққа толық көшіп, қаланың барлық тұрғындары денсаулығының электронды паспорттары жасалады.

16.06.2018