A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматы әкімі қала тұрғындарын Қазақстан халықтарының Бірлігі күнімен құттықтады
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі қала тұрғындарын Қазақстан халықтарының Бірлігі күнімен құттықтады

Алматы әкімі қала тұрғындарын Қазақстан халықтарының Бірлігі күнімен құттықтады

01 мамыр 2017

Алматыда Республика Сарайы алдындағы алаңда Қазақстан халықтарының Бірлігі күні мерекеленуде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде Қазакқстанның тәуелсіздігі жылдары қолжеткен табыстар біздің халқымыздың бірлігі мен келісімінің нәтижесі екендігін атап өтті.

Бүгін Мемлекет басшысының бастамасы бойынша жаңару жүйесі жүзеге асуда. Яғни, экономика, саяси жүйе, бүкіл рухани дамудың күретамыры болып табылатын қоғамдық сана - сезім де өзгеруде. Тұрақтылық, бірлік, келісім,міне, осы үшеуі жаңа жаһандану барысында Қазақстанның діңгегі болып табылады. Тек бейбітшілік пен тұрақтылық салтанат құрған жерде ғана реформалар іске асып, қазақстандық қоғам мен мемлекетте өміршең оң өзгерістер қалыптасады.

«Тәуелсіздік жылдары ішінде азаматтық жеке тұлға ретінде біз ұлтты қалыптасырып келеміз. Қазақстан халықтары Ассамблеясының өткен сессиясында Мемлекет басшысы айтып өткендей, бірыңғай ұлт дегеніміз – Қазақстанның барлық азаматтры. Біздің Конституциямыз ұлтына, дініне және әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық азаматтарға тең құқық береді. Азаматтық тұлғаның қалыптасуында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея қозғаушы күш болып тпабылады. Алматы ірі мегаполис болумен қатар көпэтникалық қала болып табылады. Мұнда 100-ден астам этнос тұрады. Біз ару қаламызды сондықтан мың боуялы қала деп атаймыз. Ұлтаралық келісімге, әр ұлттың мәдениетін одан әрі дамытуға ерекше мән береміз.Түрлі ұлттың мәдениетіне, дініне ашық қаланы ғана заманауи қала деуге болады», - деді Б.Байбек.

Алматы әкімі Елбасы бастамасының меценаттық аспектілері ретінде «Туған жер» немесе «Кіші Отан» тұжырымдамаларын атап өтті.

«Алматылықтар үшін қайырымдылық жақсы дәстүрге айналды. Тек соңғы жылдардың өзінде ғана демеушілер қаржысы есебінен қалада 100-ден аса балалардың спорт алаңдары, бала бақшалар, Медеу ауданында мектеп салынды. Тағы бір мектеп пен емхана құрылысы аяқталып қалды. Алматының 1000- жылдығы аясында «1000 қайырымды іс» атты үлкен акция жүзеге асты. Ардагерлерге, мүгедектерге, жетімдерге көмек көрсетілді. Қазақстан халықтары Ассамблеясының тарапынан да қайырымдылық істері кең қанат жаюда. Тек өткен жылдың өзінде ғана этно-мәдени бірлестіктер «Қайырымдылық көші» акциясы аясында 100 мыңнан астам адамды қамтыған 90-на астам шаралар өткізді. Ассамблея «Қамқор», «Мектепке жол», «Қарт адам күні», «Шын жүректен» атты қайырымдылық акцияларын жиі өткізіп келеді» - деді қала басшысы.

Мерекелік шара барысында қазақ эстрада жұлдыздары мен этномәдени бірлестіктер өкілдері өнер көрсетті. «Атамекен» бағдарламасында Парвиз Назаров «Жаса Казахстан!» Қайрат Нұртас «Мен, сен, бәріміз», «Сарын» тобы «Отаным менің» әндерін орындады «Намсон» тобы корей биін, «Райс» шоу балеті Шахноз Матназаровтың өзбек биін Арменияның Найли тобы армян биін биледі және басқалар да өнер көрсетті. Бұлардан өзге бүгін «Турецкийдің хоры» де өнерлерін ортаға салады, «Мереке әндері» ұлттық караоке сахнасында қазақ әндері айтылады.

Мереке барысында әрбір этномәденибірлестік өзінің ұлттық мәдениетін, дәстүрін, көрсетті, түрлі көрмелер ұйымдастырылып, шатырлар тігілді. Көрмелерге қойылған ұлттық костюмдер, қолданбалы декоративті қолөнер бұйымдары, музыкалық аспаптар ерекше көз тартады. Көрермендер үшін шеберлік сыныптары да ұйымдастырылған.

Ұлттық ас мәзірі фестивалі Қазақстан халықының ұлттық тағамдарын ұсынды. Сонымен қатар фудкорт аймағы да ұйымдастырылып, мұнда мерекеге келгендер түрлі этнгостардың ұлттық астарынан дәм татты.

Атап өтерлік жайт, мерекелік шаралар қаланың 8 ауданында өз деңгейінде атап өтілді.

01.05.2017