A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматы әкімі «Қазпошта» АҚ-ның жаңартылған пошталық байланыс бөлімшесінде болды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі «Қазпошта» АҚ-ның жаңартылған пошталық байланыс бөлімшесінде болды

Алматы әкімі «Қазпошта» АҚ-ның жаңартылған пошталық байланыс бөлімшесінде болды

16 наурыз 2017

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен «Самрук-Қазына» АҚ-ның төрағасы Өмірзақ Шүкеев «Қазпошта» АҚ-ның жаңартылған пошталық байланыс бөлімшесінде болды. Бұл мегаполистегі жаңартылған төртінші бөлімше, жалпы мұнда пошта байланысының 18 бөлімшесі модернизацияланады.

«Қазпошта» АҚ-ның басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов өзінің сөзінде пошталық байланыс бөлімшелерін жаңарту барысында жұмыс кеңістігін оңтайландыруға ерекше назар аударылғанын, соның арқасында операциялық залдар көлемі 9 000 кв.метрден 19 000 кв.метрге ұлғайғанын, қажетсіз кабинеттердің жойылғандығын айтты. Мысалы, операция залдарының басшылары жеке кабинеттерден жалпы залға көшірілді. Жаңартылған бөлімшелерде кедергісіз қызмет көрсетіледі, жеке тұлғалар мен корпоративті клиенттерге қызмет көрсету, пошта және қаржылық қызмет аумақтары бөлінген, операциялық терезелер саны артқан. Болашақта азаматтарға сапалы және жедел қызмет көрсету үшін төлем жүйесін онлайн кестесіне көшіру жоспарланған.

«Жаңа жұмыс форматына көшу жұмыс сапасын арттырумен қатар көптеген процедураларды оңтайландыруға мүмкіндік берді. Қазірдің өзінде заттар жіберу мен келгендерін қабылдау уақыты 2-3 минутқа қысқарды,супермаркеттерден келетін заттар екі есеге артты», - деді С.Сәрсенов.

Сәкен Сәрсенов «Қазпошта» құрылымдық филиалдарының басым көпшілігі Алматыда екендігін, сондықтан жіберілетін заттардың 80%-ы мегаполис арқылы жүретінін айтты. Халықаралық жолдамалар да Алматының әуежайы арқылы жүзеге асуда. С.Сәрсенов Атлеттер ауылынан қосымша орын бергендігі үшін қала әкімдігіне алғысын білдірді, соның арқасында Алатау ауданының тұрғындарына сапалы пошталық қызмет көрсетілетін болады.

Пошталық супермаркеттің жаңа электронды жүйесі жіберілген затты еш кезексіз алуға жол ашты, ол үшін трекинг-нөмірді немесе жеке мобильді терсеңіз болғаны. Бұл құнды инновациялық жүйе Қазақстанда жасалған әрі әлемдегі алғашқы, бізден кейін Канада бұл жүйені өздеріне енгізуді жоспарлап отыр.

Бөлімшелерді модернизациялауға тек қана күрделі жөндеу ғана емес техникалық жаңарту да енген. Барлық пошта бөлімшелері электронды кезектің бірыңғай жүйесімен жұмыс істейді, видеобақылау мен өрт қауіпсіздігі де жіті қарастырылған. Мысалы, залдағы жайтты бақылау үшін Ситуациялық орталық құрылған, сол арқылы барлық бөлімдер жұмыстарына on-line кестесі бойынша видеомониторинг жүргізіледі. Мұндай орталықтың ашылуы кезек мәселесі мен операторлар жұмыстарын тез арада реттеп береді.

Атап өтерлік тағы бір жайт, бөлімшелердің басым көпшілігі тәулік бойына («POST 24» өзіне- өзі қызмет көресту аумағы) жұмыс істейтін болады: қаржылық қызмет үшін – банкоматтар мен төлем терминалдары, пошта үшін – поштаматтар. Жаңартылған бөлімшелерде шетелдік валютаны қабылдау және жіберудің валюталық кассалары да қарастырылған.

Жалпы, жаңарту бағдарламасы бойынша Қазақстанның 197 елді мекеніндегі 400 бөлімшені модернизациялау жоспарланған, екі жыл ішінде тағы да 298 жаңа бөлімше ашылатын болады, осылайша 10 млн. тұрғынға пошталық сапалы қызмет көрсетілмек.

16.03.2017