A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматы әкімі ЮНИСЕФ өкілдігі басшысымен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі ЮНИСЕФ өкілдігі басшысымен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігінің басшысы Юрий  Оксамитныймен кездесті. Тараптар өзара ынтымақтастың бірқатар бағыттарын, оның ішінде балаларды зорлық- зомбылықтан қорғауды, мүгедек балдырғандарға қолдау көрсетуді, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жасқартуды күшейту мәселелерін талқылады.

«Маңыздысы тек Үкімет деңгейінде және жасалған заңдар бойынша ғана емес, сонымен қатар өңірлерде де балалармен жұмыс істеуді дамыту қажет. Әрбір қала жергілікті жерде кез- келген мәселені шеше алады. Маған "Алматы-2020" даму бағдарламасы ұнайды, бұл біздің мүддемізге сай кеелетін құжат, мысалы, бала мен ана өлімінің төмендеуі»-, деді Юрий Оксамитный.

Алматы әкімі ЮНИСЕФ бастамаларын толық қолдайтындығын жеткізді. Мегаполис басшысы қалада балалардың біліміне, ерте жетуліне, жасөспірімдердің әлеуметтік қорғалуы мен интеграцияға айрықша көңіл бөлінетінін айтты.

Мысалы, биылғы жыл «Жастар жылы» деп жарияланды, арнайы Жол картасы жасалып, оған 5 маңызды бағыт енді, олар: сапалы білім, жұмыспен қамту, мәдени демалыс, салауатты өмір салты, тұрғын үй және жас отбасыларға қолдау көрсету, сонымен қатар белсенді жастар қаласы.

Бұлардан өзге, Алматыда жетім балаларды отбасыларға орналастыру арқасында жетімдер үйінің қатары азаюда. Өткен жылмен салыстырғанда үш жетімдер үйінде тәрбиеленушілер саны 286- дан 242-ге азайды. Стационарларда, жартылай станционарларда және үйлерде мүгедек балаларға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Ағымдағы жылдың басында кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыстың алдын алу және кәмелетке толмағандарға жағдай жасаудың Кешенді жоспары жасалып, бекітілген еді. Мектеп жасына дейін білім беретін мекемелер салу жалғасуда, әрі бұл іс мемлекеттік –жекешелік әріптестік қағидасы бойынша жүзеге асуда.

23.06.2017