A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • «ХАБАР» агенттігі және «Қазақстан» РТРК – Универсиада-2017 ресми ақпараттық серіктестері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

«ХАБАР» агенттігі және «Қазақстан» РТРК – Универсиада-2017 ресми ақпараттық серіктестері

«Қазақстан» РТРК» АҚ және «Хабар» Агенттігі алда келе жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ресми ақпараттық серіктестері атанды.

Атап айтқанда, «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына кіретін «Kazsport» телеарнасы Универсиада-2017 бас хабар таратушысы, сондай-ақ, Универсиада Алау эстафетасының ресми хабар таратушысы болып отыр.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2016 жылдың наурыз айынан бастап Универсиада туралы хабар таратуда. Сол уақыттан бері «Kazsport» телеарнасының эфирінде «Универсиада қарсаңында» атты бағдарлама шығарылып келеді. Ал осы күндері телекөрермендер трансляциялардан, «Универсиада-2017 күнделіктерінен» және «Алау эстафетасы күнделіктерінен» оқиғаның қызықты сәттерін тамашалай алады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы эфирінде шайбалы хоккей, фристайл, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарыстары, биатлон, трамплиннен секіру, тау-шаңғы спорты, конькимен жүгіру спорты, кёрлинг, шорт-трек және шаңғы қоссайысы секілді 12 спорт түрінен жарыстар көрсетіледі.

Жарыстар кезінде 20 комментатор жұмыс жасамақ. Олардың қатарында Есей Жеңісұлы, Ермек Төрениязов, Ринат Алтайбаев, Шалқар Естен, Андрей Лицов, Самат Қанағатов сынды тәжірибесі мол жанкүйерлерге танымал басқа да комментаторлар бар. Сондай-ақ, 2011 жылы VII Азия ойындарында трамплиннен секіруден «алтын» жеңіп алған Евгений Левкин де «Kazsport» телеарнасының комментаторлар орындығына отырады.

Жалпы алғанда, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы эфирлік уақытының 260-тан астам сағатын Универсиадаға арнайды. «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарында жалпы эфирлік уақыты 220 сағаттан аса 140-қа тарта трансляция жасалады. 60 төл бағдарлама эфирге шығарылады деп жоспарланған.

Хабар телеарнасы биатлон, тау-шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары және шайбалы хоккей секілді бес спорт түрінен сайыстарды көрсететін болады. Телеарна жалпы алғанда 60-қа тарта трансляцияны жоспарлап отыр, олардың көпшілігі тікелей эфирде таратылады. Атап айтқанда, 29 қаңтар күні сағат 19:00-де «Алматы Арена» стадионынан ойындардың ашылу салтанаты көрсетіледі. Сондай-ақ, телеарна көрермендері ресми ашылудан бір күн бұрын 28 қаңтарда сағат 12:30-да Словакия мен Ұлыбританияның және де сағат 19:30-да Қазақстан мен Қытайдың шайбалы хоккейден ерлер командасы арасындағы ойындарды тамашалай алады.

«Хабар» Агенттігі және «Қазақстан РТРК» АҚ техникалық жабдықтауы әрбір қазақстандыққа 2017 жылғы Қысқы универсиаданы тамашалауға мүмкіндік береді. Спортшылардың жарыстарын, ашылу және жабылу салтанаттарын EUROSPORT және EUROSPORT2 телеарналары да тарататынын атап өткіміз келеді», – деп мәлімдеді «Алматыдағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция» МҚ аппарат басшысы Дидар Сағадиев.

«Хабар» телеарнасының трансляциялары кезінде Ержан Жиренбаев, Ермұхамед Мәулен, Жандос Айтпайұлы, Айбек Қабылшаев, Сергей Райлян, Евгений Акманов және Андрей Неклюдов сынды ең ірі спорт іс-шараларын, соның ішінде Олимпиада ойындарын жүргізіп, мол тәжірибе жинақтаған, көрермендердің көзайымына айналған комментаторлар жұмыс жасамақ.

«Хабар» телеарнасы директорының орынбасары Ерлан Игісінов атап өткендей: «Біздің қомақты тәжірибе жинақтаған техникалық командамыз, журналистеріміз бен комментаторларымыз осы ойындарға тиянақты дайындалды. Кез келген спорттық іс-шара спортшылар мен жанкүйерлердің басын қосып, мерекелік көңіл-күй сыйлайтыны белгілі. Біздің телекөрермендеріміз де бір аптадан астам уақыт бойы спорт биіктерін бағындыратын жұлдыздардың ойынын бақылап, тартысты сайыстар мен жаңа рекордтарды тамашалап, осы дүбірлі думанға бөленгенін қалаймыз».

Сондай-ақ, бүкіл ел аумағында өтетін Универсиаданың ең жарқын оқиғасы – Алау эстафетасы 25 қаңтардан бастап 29 қаңтар аралығында «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарының жаңалықтар эфирінде көрсетіліп жатыр.

Сондай-ақ, «Алматыдағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция» МҚ аппарат басшысы Дидар Сағадиев былай деп атап өтті: «Біз қызметімізді құқық иелерінің барлығына ыңғайлы болатындай етіп ұйымдастыруға тырыстық. Мәселен, Халықаралық хабар тарату орталығы тәулік бойы жұмыс жасамақ. Сондай-ақ, біздің спорттық нысандарымыз телевизиялық хабар таратушы кез келген заманауи жабдықпен бірге жұмыс жасай алатын заманауи кабельдік инфрақұрылыммен жабдықталған».

Ойындар туралы толық ақпарат, бейнематериалдар, күнделіктер мен жаңалықтар, сондай-ақ, Универсиада-2017 тақырыбы аясындағы жарыстар мен бағдарламалардың көрсетілу кестесіwww.khabar.kz арнасының сайтындағы «Универсиада 2017» арнайы бөлімінде, «Қазақстан» РТРК» АҚ ресми сайтының https://kaztrk.kz/ru/a/17978 бетінде жарияланады. 



26.01.2017